Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 21 августа 2007 года № 340 "Об утверждении Правил осуществления контроля за поведением лиц, освобожденных условно-досрочно от отбывания наказания"

Бұйрық · № 361 · қабылданған 19.08.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2007-no-340/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 21 августа 2007 года № 340 "Об утверждении Правил осуществления контроля за поведением лиц, освобожденных условно-досрочно от отбывания наказания" Күшін жойған Бұйрық ·№ 361 ·19.08.2010
01.01.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 21 августа 2007 года № 340 "Об утверждении Правил осуществления контроля за поведением лиц, освобожденных условно-досрочно от отбывания наказания"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 361 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 21 августа 2007 года № 340 "Об утверждении Правил осуществления контроля за поведением лиц, освобожденных условно-досрочно от отбывания наказания"
Атауы (қаз.)
"Жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 340 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
361
Қабылданған күні
19.08.2010
Көрсетілген редакция
01.01.2015 AI58306_4.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1000006867
ЭКБ идентификаторы
58306
Редакция идентификаторы
AI58306_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:31

0 "Жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 340 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 178-2-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты-түрде босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 340 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4947 болып тіркелген және 2007 жылғы 2 қарашадағы № 168(1197) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жазасын өтеуден мерзімінен
бұрын-шартты түрде босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесінде:
5-тармақта «,» деген тыныс белгісі «немесе» деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақта:
бірінші абзацта «босатылған адамдарды» деген сөздер «босатылған адамды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) анықталған кемшіліктерді жою және ішкі істер органдарының жеке профилактикалық жұмысының тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдай отырып, мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адам қасақана жасаған қылмыстың әрбір фактісі бойынша қызметтік тексеріс жүргізеді.»;
11-тармақта «инспекторы» деген сөзден кейін «немесе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы
(бұдан әрі – учаскелік полиция инспекторы)» деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақта «, кейіннен профилактикалық есепке қойылады және бақылау карточкасы ашылады» деген сөздер алып тасталсын;
19, 20, 21, 22, 23, 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелерінен мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдар тұрғылықты жеріне келгеннен кейін учаскелік полиция инспекторы үш тәулік ішінде ҚАІІО-ның бастығына оларға Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабына сәйкес сот жүктеген міндеттер бойынша шектеулер белгілеу туралы қаулы (Ережеге 5-қосымша) енгізеді.
20. Тұрғылықты жерінен, жұмыс және оқу орнынан кетпеуге қатысты Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабы 1-тармағының
2) тармақшасында көзделген міндеттер бойынша белгіленген шектеулерді ҚАІІО бастығы жұмыс, оқу режиміне байланысты өзгерте алады.
21. Есепке қойғаннан кейін учаскелік полиция инспекторы мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамға, егер ол бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық не болмаса әкімшілік қамауға тартылатын құқық бұзушылық жасаған не болмаса Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабында көзделген міндеттерді орындаудан қасақана жалтарған жағдайда, ішкі істер органдары сотқа жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатудың күшін жою туралы ұсыныс енгізетінін түсіндіреді.
22. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамға шектеулер белгілеу туралы қаулы бақылау ісі материалдарына тігіледі. Қаулының көшірмесі мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамға түпнұсқасына қол қою арқылы тапсырылады.
23. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адам дәлелсіз себептер бойынша 5 тәуліктен астам уақыт тұрғылықты жеріне келмеген және міндеттерін орындаудан қасақана жалтару фактілері анықталған жағдайда, учаскелік полиция инспекторы бұл туралы ҚАІІО-ның бастығына жазбаша баянатпен баяндайды және оның жүрген жері мен жалтару себептерін анықтау бойынша алғашқы іс-шараларды жүргізеді.
24. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адам бірнеше (екі немесе одан да көп) әкімшілік құқық бұзушылық не болмаса әкімшілік қамауға тартылатын құқық бұзушылық жасаған немесе Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабында көзделген міндеттерді орындаудан қасақана жалтарған жағдайда, ҚАІІО-ның бастығы сотқа мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның жеке басын, мінез-құлқын сипаттайтын деректер мен бақылау ісі материалдарын қоса отырып, жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатудың күшін жою туралы дәлелді ұсыным (Ережеге 6-қосымша) жолдайды.»;
26, 27, 31, 33-тармақтарда «белгілеген» деген сөз «жүктеген» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы және Астана, Алматы қалаларының және облыстардағы ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты ішкі істер органдарының жеке құрамының зерделеуін қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (М.Т. Қабденов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.В. Кулиничке жүктелсін.

5 Мерзімінен шарты-түрде босатылған адамға қатысты міндеттерді белгілеу туралы қаулы

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен соң күшіне енеді.
Келісілген:
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы
Бас прокуроры Жоғарғы Сотының төрағасы
_____________ Қ. Мәми ___________ М. Әлімбеков
2011 жылғы 28 қаңтар 2011 жылғы 3 наурыз
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
___________ Р. Түсіпбеков
2010 жылғы 10 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2010 жылғы 19 тамыздағы
№ 361 бұйрығына қосымша
Жазасын өтеуден мерзімінен
бұрын-шартты түрде
босатылған адамдардың мінез
құлқын бақылауды жүзеге
асыру ережесіне 5-қосымша
Бекітемін
______________________бастығы
ҚАІІБ-нің атауы
_____________________________
атағы, Т.А.Ә. қолы
20__жылғы «____»_____________
Мерзімінен шарты-түрде босатылған адамға қатысты міндеттерді белгілеу туралы қаулы
______________________________________________учаскелік полиция
(ҚАІІО-ның атауы)
инспекторы __________________________________________________________
(Т.А.Ә., атағы)
_____________________________________________________________________
(соттың толық атауы)
20__ жылғы «__»____________сот қаулысын қарап, оған сәйкес __________
______________________________________________________жазасын өтеуден
(шартты мерзімінен бұрын босатылған адамның Т.А.Ә.)
шартты мерзімінен бұрын босатылды және оған мынадай міндеттер жүктелді:
1.__________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________
3.__________________________________________________________________
Ескертпе: Егер сот қаулысында тек Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабына сілтеме жасалған жағдайда «ҚАК-нің 178-2-бабында көзделген......... міндеттер жүктелді».
20___ «____»___________ сот қаулысы күшіне енгеннен соң шартты мерзімінен бұрын босатылған ________________________________________
_____________________________________________ мына мекен-жай бойынша тұруға келді.
Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабына сәйкес тиісті бақылауды қамтамасыз ету мақсатында шартты мерзімінен бұрын босатылғанға сот жүктеген міндеттерді белгілеу қажет.
Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабын басшылыққа ала отырып,
Қаулы етемін:
____________________________________________________қатысты мынадай
тегі, аты-жөні
міндеттер белгіленсін:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
Ескертпе: Шектеулер тізімі шартты мерзімінен бұрын босатылған адамға Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабына сәйкес сот жүктеген міндеттермен қатаң сәйкестікте белгіленеді.
___________________________________учаскелік полиция инспекторы
ҚАІІБ-нің атауы
_______________________________________________________________
атағы, Т.А.Ә.
20____жылғы «____»______________

Қолданыстағы