Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2007 года № 402

Қаулы · № 527 · қабылданған 07.06.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2007-no-402/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2007 года № 402 Күшін жойған Қаулы ·№ 527 ·07.06.2010
19.01.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2007 года № 402

Күшін жойған Қаулы ·№ 527 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2007 года № 402
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 мамырдағы № 402 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
527
Қабылданған күні
07.06.2010
Көрсетілген редакция
19.01.2012 AI52970_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.01.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000527_
ЭКБ идентификаторы
52970
Редакция идентификаторы
AI52970_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:02

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 мамырдағы № 402 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 мамырдағы № 402 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 16, 179-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:

3-тармақтағы «Біліктілік деңгейі осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін» деген сөздер «Біліктілік талаптарына сәйкес келетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Лицензиар лицензия берген кезде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді.
Ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің толықтығына және анықтығы үшін өтініш иесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады.
Лицензиар өтінішті қарайды және барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей лицензия береді.»;
8-тармақтағы «заңнамасына» деген сөз «Салық кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген кезде лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқылы.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, жарамсыз бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалу, бүліну фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.
Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және оң жақ жоғары бұрышына «Телнұсқа» деген жазумен лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын береді.
Лицензияның телнұсқасын алу үшін лицензиат лицензиялық алым төлейді.»;
14-тармақтағы «бас тартылуы мүмкін» деген сөздер «бас тартылады» деген сөздермен ауыстырылсын;

2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында:

8-тармақшадағы «көлік құралдары» деген сөздер «оқу өткізілетін әрбір санат бойынша бір данадан кем емес көлік құралы» деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы