Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 21 января 2008 года № 02-01-02/11 "Об утверждении Правил проведения тестирования, Программ тестирования и Пороговых значений результатов тестирования"

Бұйрық · № 02-01-02/95 · қабылданған 28.05.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2008-no-02-01-0211-ekb-53311/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 21 января 2008 года № 02-01-02/11 "Об утверждении Правил проведения тестирования, Программ тестирования и Пороговых значений результатов тестирования" Күшін жойған Бұйрық ·№ 02-01-02/95 ·28.05.2010
19.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 21 января 2008 года № 02-01-02/11 "Об утверждении Правил проведения тестирования, Программ тестирования и Пороговых значений результатов тестирования"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 02-01-02/95 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 21 января 2008 года № 02-01-02/11 "Об утверждении Правил проведения тестирования, Программ тестирования и Пороговых значений результатов тестирования"
Атауы (қаз.)
"Тестілеуді өткізу ережесін, Тестілеу программаларын және Тестілеу нәтижелерінің шекті мәнін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 02-01-02/11 бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
02-01-02/95
Қабылданған күні
28.05.2010
Көрсетілген редакция
19.03.2013 AI53311_3.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006298_
ЭКБ идентификаторы
53311
Редакция идентификаторы
AI53311_3
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:05

0 "Тестілеуді өткізу ережесін, Тестілеу программаларын және Тестілеу нәтижелерінің шекті мәнін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 02-01-02/11 бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Тестілеу бағдарламаларын жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы Ереженің 9-тармағы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Тестілеуді өткізу ережесін, Тестілеу программаларын және Тестілеу нәтижелерінің шекті мәнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 02-01-02/11 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5113 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 6, 2008 жылғы 10 маусымда жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеуден өткiзу ережесі:
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Жергілікті мемлекеттік органдарда пилоттық екі кезеңді конкурстар өткізу барысында келесідей тестердің түрлері:
кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тест;
мемлекеттік тілді білуге арналған тест;
Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге арналған тест қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Жергілікті мемлекеттік органдарда пилоттық екі кезеңді конкурстар өткізу барысында кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тесті орындауға жіберілген уақыт – 120 минут (515 сұрақ), мемлекеттік тілді білуге арналған тестке – 20 минут, заңнамаларды білуге арналған тестке тестілеу бағдарламасына байланысты – 100 минут (130 сұрақ), 85 минут (110 сұрақ), 70 минут (90 сұрақ), 55 минут (70 сұрақ).»;
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
«17-1. Жергілікті мемлекеттік органдарда пилоттық екі кезеңді конкурстар өткізу барысында тестерді келесідей тәртіппен өтеді:
кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тест;
мемлекеттік тілді білуге арналған тест;
Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге арналған тест.»;
бұйрыққа 2-қосымшада:
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді, мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша оқудан өткен, басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын бiтiрген; кәсiби дәрежесiн арттыру мақсатында мемлекеттiк органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген азаматтарды тестілеу программалары:
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Жергілікті мемлекеттік органдарда пилоттық екі кезеңді конкурстар өткізу барысында D-1, D-2, D-3, D-4, D-5, D-O-1, D-O-2, D-O-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-1, E-2, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3 және E-G-4 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурсқа қатысушылар осы Қосымшаның 2, 3 және 4-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тілді білуге арналған және Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге арналған тестілеуге, сондай-ақ кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тестілеуге (515 сұрақтар) жатады.»;
бұйрыққа 3-қосымшада:
Аттестациядан өтуге тиiс мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi тестiлеу программаларында:
1 және 2-тармақтарда «логикалық тест (10 тапсырма)» деген сөздер «кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тест (515 сұрақ)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тест (515 сұрақ);»;
бұйрыққа 4-қосымшаның 1-тармағында «Логикалық тест» деген сөздерден кейін «, кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тест» деген сөздермен толықтырылсын.

2 2. Осы бұйрық 2010 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі, 2011 жылдың 1 наурызына дейін қолданыста болады және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы