Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в постановление акимата Карабалыкского района от 21 января 2008 года № 15 «О реализации решения Карабалыкского районного маслихата от 21 декабря 2007 года № 24 «О районном бюджете Карабалыкского района на 2008 год»

Қаулы · № 65 · қабылданған 06.03.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 22.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2008-no-15-21-2007-no-24-2008-ekb-38735/on/2026-09-22/
Басып шығарылды 2026-09-22 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в постановление акимата Карабалыкского района от 21 января 2008 года № 15 «О реализации решения Карабалыкского районного маслихата от 21 декабря 2007 года № 24 «О районном бюджете Карабалыкского района на 2008 год» Қолданыста 06.03.2008 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения и дополнений в постановление акимата Карабалыкского района от 21 января 2008 года № 15 «О реализации решения Карабалыкского районного маслихата от 21 декабря 2007 года № 24 «О районном бюджете Карабалыкского района на 2008 год»

Қолданыста Қаулы № 65 22.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в постановление акимата Карабалыкского района от 21 января 2008 года № 15 «О реализации решения Карабалыкского районного маслихата от 21 декабря 2007 года № 24 «О районном бюджете Карабалыкского района на 2008 год»
Атауы (қаз.)
Қарабалық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 15 «Қарабалық аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 24 «Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына өзгеріс және толықтыруларды енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
65
Қабылданған күні
06.03.2008
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2008
Көрсетілген редакция
06.03.2008 38735_324148.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08NL000069
ЭКБ идентификаторы
38735
Редакция идентификаторы
38735_324148
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:53
22.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Қарабалық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 15 «Қарабалық аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 24 «Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына өзгеріс және толықтыруларды енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі 64-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы 31-бабы 1-тармағының 1), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16-бабына, Қарабалық аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 24 «2008 жылға арналған Қарабалық ауданының аудандық бюджеті туралы» шешіміне сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 15 «Қарабалық аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 24 «Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына, 2008 жылғы 5 ақпандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-63 (2008 жылғы 12 ақпандағы № 3 "Айна") келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
1-тармағының төртінші абзацта "тыл еңбеккерлеріне" сөздері "Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне жеңілдік пен кепілдік бойынша теңестірілген тұлғаларға" сөздерімен ауыстырылсын;
1-тармағы келесі мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын «азықты корзинаның мөлшері өсуіне байланысты, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін алушылары болып табылатын табысы аз азаматтарға тоқсанына 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (1752 теңге) әлеуметтік көмегінің қосымша түрі»;
1-тармағы келесі мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын "18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды компьютерлік томографпен көрсетуге байланысты шығынды өтеу жөнінде есеп айырысу құжаттарының (шот) негізінде тексеру құнының 100 пайыз мөлшерінде әлеуметтік көмек";
1-тармағы келесі мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын "Мүгедек күніне қарсы 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға және 1, 2, 3 топтардағы мүгедектерге бюджетпен қарастырылған қаржы шегінде бір мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек";
бірінші тармағы келесі мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын "Жітіқара оңалту орталығында сауықтырудан өткен мүгедектерге бюджетпен қарастырылған қаржы шегінде екі мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек".

2. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 1 ақпандағы № 55 «Мүгедек күніне қарсы 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы», 2007 жылғы 21 ақпандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-32, 2007 жылғы 15 наурыздағы № 4 «Айна» аудандық газетінде жарияланған, 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 16 "18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды компьютерлік томографпен тексеруге байланысты шығанды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету туралы", 2008 жылғы 5 ақпандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-65, 2008 жылғы 12 ақпандағы № 3 «Айна» аудандық газетінде жарияланған, 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 17 "Мүгедек күніне қарсы біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы", 2008 жылғы 5 ақпандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-66, 2008 жылғы 12 ақпандағы № 3 «Айна» аудандық газетінде жарияланған, 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 18 "Жітіқара оңалту орталығына жол ақысы құнын төлеу үшін мүгедектерге әлеуметтік көмек туралы", 2008 жылғы 5 ақпандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-64, 2008 жылғы 12 ақпандағы № 3 «Айна» аудандық газетінде жарияланған қаулыларының күші жойылды деп есептелсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.