О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 21 апреля 2008 года № 573 "О вопросах государственных высших учебных заведений, первые руководители которых назначаются на должности и освобождаются от должностей Президентом Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 21 апреля 2008 года № 573 "О вопросах государственных высших учебных заведений, первые руководители которых назначаются на должности и освобождаются от должностей Президентом Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 257
- Қабылданған күні
- 27.01.2012
- Көрсетілген редакция
- 17.08.2019 63156_418963.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.08.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1200000257
- ЭКБ идентификаторы
- 63156
- Редакция идентификаторы
- 63156_418963
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:14
0 "Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1
1. «Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 166-құжат, 2010 ж., № 38, 324-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату ережелері бекітілсін.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, қызметтен босату және олардың аттестаттаудан өту ережелерінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату ережелері»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату ережелері (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
Ереже Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату тәртібін айқындайды.».