О внесении изменения в решение акима Тогузского сельского округа от 21 ноября 2008 года № 7 "О формирововании наименований улиц станции Тогуз Тогузского сельского округа"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима Тогузского сельского округа от 21 ноября 2008 года № 7 "О формирововании наименований улиц станции Тогуз Тогузского сельского округа"
- Атауы (қаз.)
- Тоғыз селолық округі әкімінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 7 "Тоғыз селолық округіне қарасты Тоғыз стансасындағы көше атауларын қалыптастыру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7
- Қабылданған күні
- 18.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 18.11.2014 84867_153276.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14CMH04093
- ЭКБ идентификаторы
- 84867
- Редакция идентификаторы
- 84867_153276
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:56
0 Тоғыз селолық округі әкімінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 7 "Тоғыз селолық округіне қарасты Тоғыз стансасындағы көше атауларын қалыптастыру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес,Тоғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Тоғыз селолық округі әкімінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 7 «Тоғыз селолық округіне қарасты Тоғыз стансасындағы көше атауларын қалыптастыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-89 болып тіркелген, 2009 жылғы 05 қаңтардағы «Шалқар» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Көшелерге атау беру туралы»;
көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» қаулысы» деген сөздер алынып тасталсын.
мемлекеттік тіліндегі шешімнің бүкіл мәтін бойынша «селолық» сөзі «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын.