О внесении изменений в решение районного маслихата от 21 апреля 2009 года № 126 «Әйтеке би ауданында салық салуды негіздеу мақсатында жерді аймақтарға бөлу және жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылатуын белгілеу туралы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 21 апреля 2009 года № 126 «Әйтеке би ауданында салық салуды негіздеу мақсатында жерді аймақтарға бөлу және жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылатуын белгілеу туралы»
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 126 «Әйтеке би ауданында салық салуды негіздеу мақсатында жерді аймақтарға бөлу және жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылатуын белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 195
- Қабылданған күні
- 02.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 02.03.2018 119863_303434.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18CB000144
- ЭКБ идентификаторы
- 119863
- Редакция идентификаторы
- 119863_303434
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:30
0 Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
21 сәуірдегі № 126 «Әйтеке би
ауданында салық салуды негіздеу
мақсатында жерді аймақтарға бөлу
және жер салығының базалық
мөлшерлемелерін жоғарылатуын
белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 505 бабының 2 тармағына, 510 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 126 «Әйтеке би ауданында салық салуды негіздеу мақсатында жерді аймақтарға бөлу және жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылатуын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-80 тіркелген, 2009 жылғы 21 мамырда аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің атауындағы «жоғарылатуын белгілеу» сөздері «арттыру» сөзімен ауыстырылсын;
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы
25 желтоқсандағы № 120 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 505 бабының 2 тармағына, 510 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Жер салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 504, 505 және 506 баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға арттырылсын».