О внесении изменений в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 17/225-IV «О ставках платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников Восточно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 17/225-IV «О ставках платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников Восточно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6/58-VI
- Қабылданған күні
- 05.10.2016
- Көрсетілген редакция
- 05.10.2016 107301_119481.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.10.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16V0004730
- ЭКБ идентификаторы
- 107301
- Редакция идентификаторы
- 107301_119481
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:36
0 «Шығыс Қазақстан облысының жер үсті
көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны
үшін төлемақы ставкалары туралы»
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 487-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 5-тармағына, «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5675) сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. «Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген
№ 2523, 2010 жылғы 1 ақпандағы № 16 «Дидар», 2010 жылғы 2 ақпандағы № 16 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.»;
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2016 жылғы 5 қазандағы
№ 6/58-VІ шешіміне
қосымша
Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
№
Арнаулы су пайдаланудың түрі
Өлшем бірлігі
Төлемақы мөлшерлемелері, теңге
1
2
3
4
Ертіс өзені бассейні
1
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
теңге/1000 тек.м
98,3
2
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса
теңге /1000 тек.м
282,5
3
Ауыл шаруашылығы
теңге /1000 тек.м
79,6
4
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
теңге /1000 тек.м
79,6
5
Су энергетикасы
теңге /1000 кВт.сағ.
29,7
6
Су көлігі
теңге /1000 т. км
10,9
Балқаш және Алакөл өзен мен көлдері бассейні
7
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
теңге/1000 тек.м
90,5
8
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса
теңге /1000 тек.м
249,7
9
Ауыл шаруашылығы
теңге /1000 тек.м
71,8
10
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
теңге /1000 тек.м
68,7
11
Су энергетикасы
теңге /1000 кВт.сағ.
26,5
12
Су көлігі
теңге /1000 т. км
7,8