О внесении изменений в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 17/225-IV «О ставках платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников Восточно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 17/225-IV «О ставках платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников Восточно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 19/216-VI
- Қабылданған күні
- 12.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 12.04.2018 121374_319267.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18V0005630
- ЭКБ идентификаторы
- 121374
- Редакция идентификаторы
- 121374_319267
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:51
0 «Шығыс Қазақстан облысының жер үсті
көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны
үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы»
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2523, 2010 жылғы 1 ақпандағы «Дидар», 2010 жылғы 2 ақпандағы «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына, «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5675) сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2018 жылғы 12 сәуірдегі
№ 19/216-VІ шешіміне
қосымша
Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
№
Арнаулы су пайдаланудың түрі
Өлшем бірлігі
Төлемақы мөлшерлемелері,* теңге
1
2
3
4
Ертіс өзені бассейні
1
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
теңге/1000 тек.м
106,5
2
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса
теңге /1000 тек.м
305,9
3
Ауыл шаруашылығы
теңге /1000 тек.м
86,2
4
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
теңге /1000 тек.м
86,2
5
Су энергетикасы
теңге /1000 кВт.сағ.
32,2
6
Су көлігі
теңге /1000 т. км
11,8
Балқаш және Алакөл өзен мен көлдері бассейні
7
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
теңге/1000 тек.м
98
8
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса
теңге /1000 тек.м
270,4
9
Ауыл шаруашылығы
теңге /1000 тек.м
77,7
10
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
теңге /1000 тек.м
74,4
11
Су энергетикасы
теңге /1000 кВт.сағ.
28,7
12
Су көлігі
теңге /1000 т. км
8,5