О внесении изменения в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 17/225-IV "О ставках платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников Восточно-Казахстанской области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 17/225-IV "О ставках платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников Восточно-Казахстанской области"
- Атауы (қаз.)
- "Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 17/201-V
- Қабылданған күні
- 11.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2013 76200_155658.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13V0003135
- ЭКБ идентификаторы
- 76200
- Редакция идентификаторы
- 76200_155658
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:35
0 "Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы" Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 487-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 5-тармағына, «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5675) сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2523, 2010 жылғы 1 ақпандағы № 16 «Дидар», 2010 жылғы 2 ақпандағы № 16 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешімге өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 9 қазандағы № 14/167-V шешімінің күші жойылсын.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының
2013 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 17/201-V шешіміне
қосымша
Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын
пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары
№
Арнаулы су пайдаланудың түрі
Өлшем бірлігі
Төлемақы
ставкалары,* теңге
1
2
3
4
Ертіс өзені бассейні
1
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
теңге/1000 тек.м
77,3
2
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса
теңге /1000 тек.м
222,3
3
Ауыл шаруашылығы
теңге /1000 тек.м
62,6
4
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
теңге /1000 тек.м
62,6
5
Су энергетикасы
теңге /1000 кВт.сағ.
23,3
6
Су көлігі
теңге /1000 т. км
8,6
Балқаш және Алакөл өзен мен көлдері бассейні
7
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
теңге/1000 тек.м
71,2
8
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса
теңге /1000 тек.м
196,5
9
Ауыл шаруашылығы
теңге /1000 тек.м
56,5
10
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
теңге /1000 тек.м
54,0
11
Су энергетикасы
теңге /1000 кВт.сағ.
20,9
12
Су көлігі
теңге /1000 т. км
6,1
*Ескерту: төлемақы ставкалары Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жыл сайын жариялайтын, сәйкес жылдық инфляцияның ресми деңгейіндегі индексін ескере отырып есептеледі.