О внесении изменения в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 17/225-IV «О ставках платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников Восточно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 17/225-IV «О ставках платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников Восточно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 34/425-V
- Қабылданған күні
- 09.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 09.12.2015 97731_122520.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15V0004337
- ЭКБ идентификаторы
- 97731
- Редакция идентификаторы
- 97731_122520
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:10
0 «Шығыс Қазақстан облысының жер үсті
көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны
үшін төлемақы ставкалары туралы»
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 487-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 5-тармағына, «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5675) сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. «Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген
№ 2523, 2010 жылғы 1 ақпандағы № 16 «Дидар», 2010 жылғы 2 ақпандағы № 16 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары
Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 34/425-V шешіміне
қосымша
Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары
№
Арнаулы су пайдаланудың түрі
Өлшем бірлігі
Төлемақы ставкалары,* теңге
1
2
3
4
Ертіс өзені бассейні
1
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
теңге/1000 тек.м
86,8
2
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса
теңге /1000 тек.м
249,5
3
Ауыл шаруашылығы
теңге /1000 тек.м
70,3
4
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
теңге /1000 тек.м
70,3
5
Су энергетикасы
теңге /1000 кВт.сағ.
26,1
6
Су көлігі
теңге /1000 т. км
9,6
Балқаш және Алакөл өзен мен көлдері бассейні
7
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
теңге/1000 тек.м
79,9
8
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса
теңге /1000 тек.м
220,5
9
Ауыл шаруашылығы
теңге /1000 тек.м
63,4
10
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
теңге /1000 тек.м
60,6
11
Су энергетикасы
теңге /1000 кВт.сағ.
23,4
12
Су көлігі
теңге /1000 т. км
6,8