О внесении изменений в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 17/234-IV «О ставках платы за эмиссии в окружающую среду Восточно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 17/234-IV «О ставках платы за эмиссии в окружающую среду Восточно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы мөлшерлемелері туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/234-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16/187-VI
- Қабылданған күні
- 13.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 12.04.2018 117296_328764.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17V0005361
- ЭКБ идентификаторы
- 117296
- Редакция идентификаторы
- 117296_328764
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:50
0 «Шығыс Қазақстан облысының
қоршаған ортаға эмиссияға
төлемақы мөлшерлемелері туралы»
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2009 жылғы
21 желтоқсандағы № 17/234-IV
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы мөлшерлемелері туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/234-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2524, 2010 жылдың 1 ақпанындағы «Дидар», 2010 жылдың 2 ақпанындағы «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Рет №
Ластағыш заттардың түрлері
1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1
2
3
1.
Көмірсутектер
44,6
2.
Көміртегі тотықтары
14,6
3.
Метан
0,8
4.
Күкірт диоксиды
200
5.
Азот диоксиды
200
6.
Күл
240
7.
Күкіртті сутегі
1240
8.
Меркаптан
199320
»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Экологиялық рұқсатсыз, сондай-ақ белгіленген нормативтерден тыс қоршаған ортаға эмиссиялар үшін осы шешімде белгіленген мөлшерлемелер қолданылады.».