Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О реализации решения Карасуского районного маслихата от 21 декабря 2009 года № 202 "О районном бюджете Карасуского района на 2010-2012 годы"

Қаулы · № 32 · қабылданған 11.02.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2009-no-202-2010-2012-ekb-51274/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О реализации решения Карасуского районного маслихата от 21 декабря 2009 года № 202 "О районном бюджете Карасуского района на 2010-2012 годы" Қолданыста 11.02.2010 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О реализации решения Карасуского районного маслихата от 21 декабря 2009 года № 202 "О районном бюджете Карасуского района на 2010-2012 годы"

Қолданыста Қаулы № 32 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реализации решения Карасуского районного маслихата от 21 декабря 2009 года № 202 "О районном бюджете Карасуского района на 2010-2012 годы"
Атауы (қаз.)
"Қарасу ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" Қарасу аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 202 шешімін іске асыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
32
Қабылданған күні
11.02.2010
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2010
Көрсетілген редакция
11.02.2010 51274_171609.kaz
Соңғы өзгеріс
11.02.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10NM000107
ЭКБ идентификаторы
51274
Редакция идентификаторы
51274_171609
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:03
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

"Қарасу ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" Қарасу аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 202 шешімін іске асыру туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 242-бабына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қарасу ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" Қарасу аудандық мәслихатының 2009 жылғы 18 желтоқсандағы № 202 шешіміне, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі № 9-13-99 тіркелді, сәйкес және "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Аудандық бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер белгіленсін:

1) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерде қайтыс болған кәмелет жасқа толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек;

2) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерде қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек;

3) мүгедек-балаларды компьютерлік томографта қаралуымен байланысты есеп айырысу құжаттары негізінде қаралу бағасынан жүз пайыз мөлшерінде шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек;

4) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерде туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқас азаматтарды алты ай бойы емханалық емделу кезеңінде қосымша тамаққа ай сайын бір жолғы әлеуметтік көмек;

5) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 50000 теңгеден және соларға теңестірілген адамдарға – 5000 теңгеден бір жолғы әлеуметтік көмек;

6) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне тұрмыстық мұқтаждықтарына 6000 теңгеден ай сайын әлеуметтiк көмек;

7) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне және соларға теңестірілген адамдарға телефонды орнатуға 11581 теңге сомасында әлеуметтiк көмек;

8) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген үйде тәрбиелеп және оқып жатқан мүгедек-балаларға айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерде ай сайын әлеуметтік көмек;

9) зейнет жасқа жеткен азаматтарға Қарт адамдардың күніне және мүгедектерге, соның ішінде мүгедек балаларға Мүгедектер күніне 1000 теңгеден бір жолғы әлеуметтік көмек;

10) жоғары, орта білімнен кейінгі техникалық, кәсіптік білім алумен байланысты шығынды өтеу үшін жергілікті бюджеттің қаражат есебінен оқитын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын жастарға әлеуметтік көмек;

11) бюджетпен қарастырылған қаражат шегінде тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес еселенген мөлшерде тұрмыстық мұқтаждықтарға отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы азық-түлік себетінің мөлшері төмен азаматтарға бір жолғы әлеуметтік көмек;

12) бюджетпен қарастырылған қаражат шегінде тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерде қатты отынды сатып алуға жергілікті жылытумен жеке үйлерде тұратын отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы азық-түлік себетінің мөлшері төмен азаматтарға бір жолғы әлеуметтік көмек.

2. "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органы болып белгіленсін.

3. Мыналар белгіленсін:

1) құжаттар 1-тармағының 5, 6) және 9) тармақшаларды қоспағанда әлеуметтік көмекті көрсету жөніндегі аудандық комиссиясымен қаралады;

2) кәмелет жасқа толмаған балаларды жерлеуге ата-ананың біреуіне немесе өзге де заңды өкілге егер еңбекке қабілеттілігі бар ата-анасы (бала асырап алушы) бала қайтқан күніне уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда әлеуметтік көмек тағайындалады;

3) өлердің алдында уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелген қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындалады;

4) мүгедек-балаларды компьютерлік томографта тексеруімен байланысты шығындарды өтеуге мүгедек-баланың ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді;

5) уәкілетті органымен берілген тізімдерге сәйкес екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың сәйкестік түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар болған ұйымдар арқылы әлеуметтік көмекті алушылардың жеке есепшоттарына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен әлеуметтік көмектің төлемдері жүзеге асырылады.
Қарасу ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғалар бір жолғы әлеуметтік көмектің алушылары болып табылады.

4. Тағайындалған әлеуметтік көмек төлемін алушының қайтыс болған немесе ауданның шегінен тұрақты тұрғын орынға көшіп кеткен сәттен бастап тоқтатылады.

5. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарлама бойынша әлеуметтік көмектің қаржыландырылуы жүргізіледі.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Б.Бекеновке жүктелсін.

7. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:

"Қарасу ауданының жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы

___________ А. Ерменова