О внесении изменений в решение областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 235 «О ставках платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 235 «О ставках платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников»
- Атауы (қаз.)
- Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 282
- Қабылданған күні
- 11.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2018 121028_316530.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18C0005911
- ЭКБ идентификаторы
- 121028
- Редакция идентификаторы
- 121028_316530
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:52
0 Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3306 тіркелген, 2010 жылғы 19 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
Көрсетілген шешіммен бекітілген, жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшері, қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Жайық, Ойыл, Сағыз, Ембi өзендерінің бассейндері
2018 жылғы 11 сәуірдегі № 282
облыстық мәслихаттың шешіміне
қосымша
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235
облыстық мәслихаттың шешіміне
қосымша
Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерінің МӨЛШЕРІ
Жайық, Ойыл, Сағыз, Ембi өзендерінің бассейндері
№ р/с
Арнаулы су пайдаланудың түрі
Өлшем бірлігі
Төлемақы мөлшерлемелері
1.
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
теңге/1000 тек.м
130,2
2.
Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде
теңге/1000 тек.м
378,0
3.
Ауыл шаруашылығы
теңге/1000 тек.м
105,0
4.
Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
теңге/1000 тек.м
102,5
5.
Су энергетика
теңге/1000 кВт.сағ
-
6.
Су көлігі
теңге/1000 тек.м
12,7
Торғай, Ырғыз өзендерінің бассейндері
№ р/с
Арнаулы су пайдаланудың түрі
Өлшем бірлігі
Төлемақы мөлшерлемелері
1.
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
теңге/1000 тек.м
113,0
2.
Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде
теңге/1000 тек.м
318,1
3.
Ауыл шаруашылығы
теңге/1000 тек.м
87,5
4.
Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
теңге/1000 тек.м
87,5
5.
Су энергетика
теңге/1000 кВт.сағ
-
6.
Су көлігі
теңге/1000 тек.м
-
Ескертпе: Төлемақы мөлшерлемелері сәйкес жылдық инфляцияның ресми деңгейiндегi индексiн ескере отырып есептеледi.