Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Актюбинского областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 235 «О ставках платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников»

Өзге акт · № 18 · қабылданған 24.02.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2009-no-235-ekb-153091/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Актюбинского областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 235 «О ставках платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников» Қолданыста Өзге акт ·№ 18 ·24.02.2021
24.02.2021 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Актюбинского областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 235 «О ставках платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников»

Қолданыста Өзге акт ·№ 18 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Актюбинского областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 235 «О ставках платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников»
Атауы (қаз.)
Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18
Қабылданған күні
24.02.2021
Көрсетілген редакция
24.02.2021 153091_511605.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21C0008070
ЭКБ идентификаторы
153091
Редакция идентификаторы
153091_511605
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:26

0 Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3306 тіркелген, 2010 жылғы 19 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері, қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін оны Ақтөбе облысы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 2021 жылғы 24 ақпаны № 18

облыстық мәслихаттың
шешіміне қосымша
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235
облыстық мәслихаттың
шешіміне қосымша
Ақтөбе облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
№ р/с
Арнаулы су пайдаланудың түрі
Өлшем бірлігі
Төлемақы мөлшерлемелері
Жайық, Сағыз, Ембi, Ойыл өзендері бассейні
1.
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
теңге/1000 тек.м
155,0
2.
Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде
теңге/1000 тек.м
450,1
3.
Ауыл шаруашылығы
теңге/1000 тек.м
125,0
4.
Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
теңге/1000 тек.м
122,2
5.
Су энергетика
теңге/1000 кВт.сағ
-
6.
Су көлігі
теңге/1000 тек.м
15,05
Торғай, Ырғыз өзендері бассейні
7.
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
теңге/1000 тек.м
134,6
8.
Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде
теңге/1000 тек.м
379,0
9.
Ауыл шаруашылығы
теңге/1000 тек.м
104,3
10.
Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
теңге/1000 тек.м
104,3
11.
Су энергетика
теңге/1000 кВт.сағ
-
12.
Су көлігі
теңге/1000 тек.м
-
Ескертпе: Төлемақы мөлшерлемелері сәйкес жылдық инфляцияның ресми деңгейiндегi индексiн ескере отырып есептеледi.

Қолданыстағы