О внесении изменения в решение областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 235 «О ставках платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 235 «О ставках платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников»
- Атауы (қаз.)
- «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 290
- Қабылданған күні
- 27.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2015 88654_10320.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15C0004310
- ЭКБ идентификаторы
- 88654
- Редакция идентификаторы
- 88654_10320
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:48
0 «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 487-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына және «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 тіркелген, бұйрығына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3306 тіркелген, 2010 жылғы 19 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларының мөлшері жаңа редакцияда қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Жайық, Сағыз, Ембi, Ойыл өзендері бассейні
2015 жылғы 27 наурыздағы № 290
облыстық мәслихаттың шешіміне
қосымша
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235
облыстық мәслихаттың шешіміне
қосымша
Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкілерінің МӨЛШЕРІ
Жайық, Сағыз, Ембi, Ойыл өзендері бассейні
№ р/с
Арнаулы су пайдаланудың түрі
Өлшем бірлігі
Төлемақы мөлшерлерi
1.
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
теңге/1000 тек.м
101,0
2.
Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде
теңге/1000 тек.м
292,0
3.
Ауыл шаруашылығы
теңге/1000 тек.м
81,0
4.
Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
теңге/1000 тек.м
79,0
5.
Су көздерiнен балық аулайтын балық шаруашылығы, тұтынушылар
теңге/тонна
207,0
6.
Су энергетика
теңге/1000 кВт.сағ
-
7.
Су көлігі
теңге/1000 тек.м
10,0
Торғай, Ырғыз өзендері бассейні
№ р/с
Арнаулы су пайдаланудың түрі
Өлшем бірлігі
Төлемақы мөлшерлерi
1.
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
теңге/1000 тек.м
87,0
2.
Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде
теңге/1000 тек.м
246,0
3.
Ауыл шаруашылығы
теңге/1000 тек.м
68,0
4.
Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
теңге/1000 тек.м
68,0
5.
Су көздерiнен балық аулайтын балық шаруашылығы, тұтынушылар
теңге/тонна
177,0
6.
Су энергетика
теңге/1000 кВт.сағ
-
7.
Су көлігі
теңге/1000 тек.м
-
Ескертпе: Төлемақы мөлшерлерi сәйкес жылдық инфляцияның ресми деңгейiндегi индексiн ескере отырып есептеледi.