О внесении изменений в решения областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 236 «О ставках платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда» и от 13 декабря 2010 года № 337 «О повышении ставок платы за эмиссии в окружающую среду»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решения областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 236 «О ставках платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда» и от 13 декабря 2010 года № 337 «О повышении ставок платы за эмиссии в окружающую среду»
- Атауы (қаз.)
- Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары туралы» және 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 160
- Қабылданған күні
- 30.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 08.06.2022 112943_693458.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.06.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17C0005546
- ЭКБ идентификаторы
- 112943
- Редакция идентификаторы
- 112943_693458
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:57
0 Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары туралы» және 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Орман Кодексі» Кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексiнің 495-бабының 9-тармағына және 506-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 1-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1
1) облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары туралы» шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3326 тіркелген, 2010 жылғы 9 ақпанда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған):
қазақ тіліндегі шешімнің тақырыбында, бүкіл мәтіні бойынша және қосымшаларында «ставкалары», «ставкаларының» сөздері «мөлшерлемелері», «мөлшерлемелерінің» сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.