О внесении изменений и дополнений в решение областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 236 "О ставках платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 236 "О ставках платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда"
- Атауы (қаз.)
- "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары туралы" облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 99
- Қабылданған күні
- 15.03.2013
- Көрсетілген редакция
- 15.03.2013 72068_127397.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.03.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13C0003556
- ЭКБ идентификаторы
- 72068
- Редакция идентификаторы
- 72068_127397
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:28
0 "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары туралы" облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман Кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 506-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 12 маусымдағы № 344 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5719 тіркелген, Мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдалану үшін төлем ставкаларын есептеуге арналған Ереженің 8-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3326 тіркелген, 2010 жылғы 9 ақпандағы «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің № 21 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің 2, 3 қосымшалары 1, 2 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 2013 жылғы 15 наурыздағы № 99
облыстық мәслихаттың шешіміне
1 қосымша
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236
облыстық мәслихаттың шешіміне
2 қосымша
Мемлекеттік орман қорында жанама орман пайдалану үшін төлемақы ставкалары
№ р/с
Жанама орман пайдаланудың түрі
Өлшем бірлігі
Төлемақы ставкасы, теңге
1
Шөп шабу, соның ішінде шабындық жерлердің сапалық жай-күйінің топтары бойынша:
1.1
жақсы
га
1189
1.2
қанағаттанарлық
га
892
1.3
нашар
га
694
2
Мал жаю, соның ішінде ауыл шаруашылық жануарларының топтарына сәйкес малдың бір басын жаю үшін:
2.1
түйе
бас
694
2.2
ірі қара мал, жылқы
бас
555
2.3
ірі қара малдың төлі, есек
бас
278
2.4
ешкі
бас
486
2.5
қой
бас
139
Негіздеме: «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ жасалып «Ақтөбе облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық инспекциясы» ММ келісілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақы ставкаларының есебі.
4 2013 жылғы 15 наурыздағы № 99
облыстық мәслихаттың шешіміне
2 қосымша
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236
облыстық мәслихаттың шешіміне
3 қосымша
Аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, туристік, рекреациялық және спорттық мақсаттарда мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану үшін төлемақы ставкалары
№ р/с
Пайдалану түрі, соның ішінде мерзімі бойынша
Өлшем бірлігі
Төлемақы ставкалары (АЕК, теңге)
Ұзақ мерзімді орман пайдалану (10 жылдан 49 жылға дейін)
1
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін туристік, рекреациялық және спорттық мақсаттары үшін пайдалану
га
4650
2
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану
га
495
3
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін пайдалану
га
991
Қысқа мерзімді орман пайдалану (1 жылға дейін)
4
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін туристік, рекреациялық және спорттық мақсаттары үшін пайдалану
адам-күн
0,1 АЕК
5
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану
адам-күн
0,1 АЕК
Негіздеме: «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ жасалып «Ақтөбе облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық инспекциясы» ММ келісілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақы ставкаларының есебі.