О внесении изменений в решение Актюбинского областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 262 «Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин Актюбинской области (города, района)»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Актюбинского областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 262 «Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин Актюбинской области (города, района)»
- Атауы (қаз.)
- «Ақтөбе облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын берудің Қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 262 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 62
- Қабылданған күні
- 29.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2023 187033_657867.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23C0008409
- ЭКБ идентификаторы
- 187033
- Редакция идентификаторы
- 187033_657867
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:34
0 «Ақтөбе облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын берудің Қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 262 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. «Ақтөбе облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын берудің Қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 262 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3308 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспеде «2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген «Ақтөбе облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын берудің Қағидаларында:
3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағы қызметі Ақтөбе облысымен (қаламен, ауданмен) 10 жылдан кем емес байланысты болған және мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін тұлғаларға беріледі:
1) кәсіби міндеттерін немесе азаматтық борышын атқару кезінде жеке батылдық танытқан, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету және нығайту жөніндегі жұмысқа үлес қосқан;
2) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында өзін көрсеткен, өз қызметі кезеңінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткерлеріне;
3) мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі, демократияны, жариялылық пен әлеуметтік прогресті, өңірдің рухани және зияткерлік әлеуетін дамытудағы, бизнестегі, шығармашылықтағы, мемлекеттік және әскери қызметтегі жетістіктері, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі, қайырымдылық қызметі мен мейірімділігі үшін;
4) облыстың (қаланың, ауданның) елдегі және шетелдегі имиджін арттыру;
5) ерекше сіңірген еңбегі - ең жоғары нәтижелерге қол жеткізгендері үшін облыстың (қаланың, ауданның) спорт, ғылым және техника, мәдениет, өнер, әдебиет, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саласын дамыту;
6) өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ білім беру сапасын жетілдіруге және арттыруға үлес қосқандарға;
7) өңірде тұратын этностар арасындағы ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты, бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайту, тәуелсіз егемен Қазақстанның тұтастығын сақтау жөніндегі жемісті жұмысы үшін.
Қазақстан Республикасы Ұлттық контингентінің бітімгершілік операциясына қатысушы азамат ерлік жасаған жағдайда (апаттың, халықтың қаза табуын алдын алу, қиын жағдайда қалған дәрменсіз адамдардың өмірін құтқару), сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына мәдениеттегі, спорттағы, өнердегі және ғылыми қызметтегі ерекше жетістіктері үшін атақ осы тармақтың 1-абзацында белгіленген мерзімге дейін берілуі мүмкін.»;
11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Атақ жыл сайын облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынуы бойынша тиісті мәслихатпен беріледі, бірақ облыс бойынша бес, қала бойынша төрт және аудан бойынша үш азаматтан аспауы тиіс.»;
15-тармақта:
«хатшысы» деген сөз «төрағасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
20-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Сот шешімі негізінде ақталған адамдардың Атаққа құқықтары тиісті мәслихаттың шешімімен қалпына келтіріледі.».