О внесении изменений в постановление акимата Осакаровского района от 21 апреля 2010 года № 10/03 "Об утверждении Перечня должностей специалистов, работающих в аульной (сельской) местности"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Осакаровского района от 21 апреля 2010 года № 10/03 "Об утверждении Перечня должностей специалистов, работающих в аульной (сельской) местности"
- Атауы (қаз.)
- Осакаров ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 10/03 "Ауылдық (селолық) жерде қызмет істейтін мамандар лауазымдарының Тізімін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 41/01
- Қабылданған күні
- 20.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 20.06.2014 81321_58319.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14KO002687
- ЭКБ идентификаторы
- 81321
- Редакция идентификаторы
- 81321_58319
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:22
0 Осакаров ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 10/03 "Ауылдық (селолық) жерде қызмет істейтін мамандар лауазымдарының Тізімін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18 және 238 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осакаров ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 10/03 "Ауылдық (селолық) жерде қызмет істейтін мамандар лауазымдарының Тізімін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-15-123 болып тіркелген, 2010 жылғы 12 маусымдағы № 23 (7195) "Сельский труженик" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi, осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген қаулыға қосымшадағы тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі".
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Рымбайұлы Ламбековке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Осакаров аудандық
мәслихатының хатшысы
К. Саккулаков
2014 жылдың 20 маусымы