О внесении изменения в решение акима Староколутонского сельского округа от 21 июля 2010 года № 2 «О присвоении наименований улицам сел Зареченка, Косколь, Ковыленка и переименовании улиц в селе Старый Колутон»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима Староколутонского сельского округа от 21 июля 2010 года № 2 «О присвоении наименований улицам сел Зареченка, Косколь, Ковыленка и переименовании улиц в селе Старый Колутон»
- Атауы (қаз.)
- Старый Колутон ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 21 шілдедегі № 2 «Зареченка, Қоскөл, Ковыленка ауылдарының көшелеріне атаулар беру және Старый Колутон ауылының көшелерінің атауларын өзгерту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 27.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2017 112003_181643.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BFO05923
- ЭКБ идентификаторы
- 112003
- Редакция идентификаторы
- 112003_181643
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:37
0 Старый Колутон ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 21 шілдедегі № 2 «Зареченка, Қоскөл, Ковыленка ауылдарының көшелеріне атаулар беру және Старый Колутон ауылының көшелерінің атауларын өзгерту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Старый Колутон ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Старый Колутон ауылдық округі әкімінің «Зареченка, Қоскөл, Ковыленка ауылдарының көшелеріне атаулар беру және Старый Колутон ауылының көшелерінің атауларын өзгерту туралы» 2010 жылғы 21 шілдедегі № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-6-138 болып тіркелген, 2010 жылғы 27 тамыздағы «Маяк» аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халқының пікірін ескере отырып, Старый Колутон ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Астрахан ауданының «Мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Г. Карасаева
27.03.2017 ж.
Астрахан ауданының «Құрылыс,
сәулет және қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Кулаков
27.03.2017 ж.