О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 21 апреля 2010 года № 33-339п "О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2010 года"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 21 апреля 2010 года № 33-339п "О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2010 года"
- Атауы (қаз.)
- "2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 33-339қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 33-1057п
- Қабылданған күні
- 10.11.2010
- Көрсетілген редакция
- 06.02.2012 AI55860_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10A0000656
- ЭКБ идентификаторы
- 55860
- Редакция идентификаторы
- AI55860_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:58
0 "2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 33-339қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 33-339қ қаулысына (Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 14 мамырда № 626 болып тіркелген; 2010 жылғы 20 мамырдағы № 52 "Астана ақшамы" газетінде және 2010 жылғы 25 мамырдағы № 59 "Вечерняя Астана" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
Алматы ауданы шақыру комиссиясының құрамына:
Қасымов Руслан Саттарұлы – Астана қаласы Алматы ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы төраға болып;
Әбутәліпов Серік Махреддинұлы – Астана қаласы Алматы ауданы ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары;
комиссияның көрсетілген құрамынан А.Б. Байдәулетов, У.К. Қуандық шығарылсын;
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
Сарыарқа ауданы шақыру комиссиясының құрамына:
Ахметов Төлеген Онашабайұлы – Астана қаласының Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының басшысы төраға орынбасары болып;
Бекмағамбетов Ермахан Алдашұлы – Астана қаласы Сарыарқа ауданының ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары;
комиссияның көрсетілген құрамынан И.И. Зикенов, Н.Х. Шаймұханов шығарылсын.
2 2. "Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Астана қаласының Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім И. Тасмағамбетов
Әкімнің орынбасары В.Л. Крылов
Мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің меңгерушісі Ж.Б. Ертаев
"Астана қаласының Жұмылдыру
дайындығы, азаматтық
қорғаныс, апаттардың және
дүлей апаттардың алдын алуды және
жоюды ұйымдастыру жөніндегі
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Т.Ө. Ермеков
2010 жылғы 8 қараша
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Астана қаласының Ішкі
істер департаменті" мемлекеттік
мекемесінің бастығы М.Ғ. Демеуов
2010 жылғы 8 қараша
"Көліктегі орталық ішкі
істер департаментінің Астана
станциясындағы желілік ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы М.Қ. Жұмабаев
2010 жылғы 8 қараша
"Астана қаласының Қорғаныс
істері жөніндегі департаменті"
мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.Ә. Мұхамеджанов
2010 жылғы 8 қараша