Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 21 октября 2010 года № 374 "О Правилах назначения жилищной помощи"

Ереже · № 113 · қабылданған 19.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2010-no-374-ekb-69880/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 21 октября 2010 года № 374 "О Правилах назначения жилищной помощи" Күшін жойған Ереже ·№ 113 ·19.12.2012
22.04.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 21 октября 2010 года № 374 "О Правилах назначения жилищной помощи"

Күшін жойған Ереже ·№ 113 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 21 октября 2010 года № 374 "О Правилах назначения жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2010 жылғы 21 қазандағы № 374 "Тұрғын үй көмегін тағайындау ережесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
113
Қабылданған күні
19.12.2012
Көрсетілген редакция
22.04.2014 AI69880_2.kaz
Соңғы өзгеріс
22.04.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12NO003979
ЭКБ идентификаторы
69880
Редакция идентификаторы
AI69880_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:24

0 Мәслихаттың 2010 жылғы 21 қазандағы № 374 "Тұрғын үй көмегін тағайындау ережесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 қаулысына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. "Тұрғын үй көмегін тағайындау ережесі туралы" мәслихаттың 2010 жылғы 21 қазандағы № 374 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-15-137 тіркелген, 2010 жылғы 18 қарашада "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасында:
2–тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі - өтініш беруші) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі – орталық) өтінішпен өтініш жасайды және мынадай құжаттарды ұсынады:
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
отбасының табысын растайтын құжаттар;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп – ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек–шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
жекешелендірілген тұрғын үй – жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1–ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек–шот.".

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ В. Гребенюк
"Меңдіқара ауданының экономика
және бюджет жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ Г. Айсенова

Қолданыстағы