О внесении изменений в приказ и.о. Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 21 мая 2010 года № 83 "Об утверждении форм бланков сертификатов о происхождении товара"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ и.о. Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 21 мая 2010 года № 83 "Об утверждении форм бланков сертификатов о происхождении товара"
- Атауы (қаз.)
- "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар бланкілерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы, Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 мамырдағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 373
- Қабылданған күні
- 10.11.2010
- Көрсетілген редакция
- 09.01.2015 AI56061_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.01.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1000006654
- ЭКБ идентификаторы
- 56061
- Редакция идентификаторы
- AI56061_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:57
0 "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар бланкілерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы, Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 мамырдағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар бланкілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 мамырдағы № 83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6310 болып енгізілді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықтың 3-қосымшадағы «жасыл түспен басылған гильотировка» деген сөздер «қызғылт түспен басылған гильотировка» деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған бұйрықтың 4-қосымшадағы «жасыл түспен басылған гильотировка» деген сөздер «қызғылт түспен басылған гильотировка» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2 2) мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.К. Әбдібековке
жүктелсін.