Құжат мәтініне өту

О ратификации Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение о некоторых вопросах предоставления обеспечения уплаты таможенных пошлин, налогов в отношении товаров, перевозимых в соответствии с таможенной процедурой таможенного транзита, особенностях взыскания таможенных пошлин, налогов и порядке перечисления взысканных сумм в отношении таких товаров от 21 мая 2010 года

Заң · № 80-V · қабылданған 19.02.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2010/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение о некоторых вопросах предоставления обеспечения уплаты таможенных пошлин, налогов в отношении товаров, перевозимых в соответствии с таможенной процедурой таможенного транзита, особенностях взыскания таможенных пошлин, налогов и порядке перечисления взысканных сумм в отношении таких товаров от 21 мая 2010 года Қолданыста Заң ·№ 80-V ·19.02.2013
13.12.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение о некоторых вопросах предоставления обеспечения уплаты таможенных пошлин, налогов в отношении товаров, перевозимых в соответствии с таможенной процедурой таможенного транзита, особенностях взыскания таможенных пошлин, налогов и порядке перечисления взысканных сумм в отношении таких товаров от 21 мая 2010 года

Қолданыста Заң ·№ 80-V · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение о некоторых вопросах предоставления обеспечения уплаты таможенных пошлин, налогов в отношении товаров, перевозимых в соответствии с таможенной процедурой таможенного транзита, особенностях взыскания таможенных пошлин, налогов и порядке перечисления взысканных сумм в отношении таких товаров от 21 мая 2010 года
Атауы (қаз.)
2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
80-V
Қабылданған күні
19.02.2013
Көрсетілген редакция
13.12.2017 71024_496276.kaz
Соңғы өзгеріс
13.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1300000080
ЭКБ идентификаторы
71024
Редакция идентификаторы
71024_496276
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:41

0

2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2011 жылғы 19 желтоқсанда Мәскеуде жасалған 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
2010 жылғы 21 мамырдағы
Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған соманы аудару тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,
2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған соманы аудару тәртібі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 13-бабына сәйкес,
Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік реттеуді қамтамасыз ету мақсатында,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) 2-бап мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

«Тараптардың мемлекеттік органдары» - Беларусь Республикасы мемлекеттік басқармасының республикалық органдары, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, Ресей Федерациясы атқарушы билігінің федералдық органдары;».
2-баптың алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтары тиісінше жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтар болып саналсын;

2 2) 5-баптың үшінші абзацы алып тасталсын;

3 3) 5-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:

«Тауарлар бастапқы жайғасуға арналған тауарларды қоса алғанда, дипломатиялық өкілдіктің персонал мүшелері, шет мемлекеттің консулдық мекемесінің қызметкерлері немесе артықшылықтарының көлемі бойынша оларға теңестірілген органдар және (немесе) халықаралық ұйымдар миссияларының персоналы, сондай-ақ егер болу мемлекетінде тұрақты тұрмайтын болса және болу мемлекетінің азаматы болып табылмаса, өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жеке пайдалануына арналған болса, ол туралы жөнелтуші кеден органын әрбір нақты тасымалдау бойынша өз Тарапының сыртқы істер министрлігі не дипломатиялық өкілдігі, шет мемлекеттің консулдық мекемесі, сондай-ақ артықшылықтарының көлемі бойынша оған теңестірілген орган және (немесе) өз Тарапының аумағында орналасқан халықаралық ұйымның миссиялары хабардар еткен болса;
тауарлар мәдени, ғылыми-зерттеу мақсатында пайдалануға, спорттық жарыстарды не оларға дайындықты өткізуге, дүлей апаттардың, авариялардың, апаттардың салдарын жоюға, Тараптардың қорғаныс қабілеттілігін және мемлекеттік (ұлттық) қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың қарулы күштерін қайта жарақтандыруға, Тараптардың мемлекеттік шекараларын қорғауға, Тараптардың мемлекеттік органдарының пайдалануына арналған болса, ол туралы мүдделі Тараптың орталық кеден органы жөнелтуші кеден органына ұсынған кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынбастан осындай тауарларды шығару туралы қолдауды мүдделі Тараптың тиісті мемлекеттік органы растаған болса;».
5-баптың төртінші абзацы бесінші абзац болып саналсын;

4 4) 7-баптың төртінші абзацындағы «осы Келісімнің 13-бабына» деген сөздер «осы Келісімнің 12-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын.

5 5) Келісімге 2-қосымшада «1» сілтеме мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер Беларусь Республикасының кеден органы немесе Қазақстан Республикасының кеден органы Сертификатты тіркеуші кеден органы болып табылса, мұндай кеден органының коды мынадай ерекшеліктерді ескере отырып көрсетіледі:
Беларусь Республикасы үшін - 112 және одан әрі кеден органдарының сыныптауышына сәйкес кеден органының коды (11200000);
Қазақстан Республикасы үшін - 398 және одан әрі кеден органдарының сыныптауышына сәйкес кеден органының коды (39800000)».

2 2-бап

Тараптар арасындағы осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар Келісімде белгіленген тәртіпте шешіледі.

3 3-бап

Осы Хаттама ратификациялауға жатады және қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады.
Осы Хаттама депозитарий Тараптардың осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап күшіне енеді.
2011 жылғы 19 желтоқсанда Мәскеу қаласында қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы осы Хаттаманың депозитарийі болып табылатын Кеден одағының комиссиясында сақталады және әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жолдайды.
2011 жылғы 19 желтоқсандағы Мәскеу қаласында қол қойылған 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттама көшірмесінің мәтіні толық және бірдей екенін осымен куәландырамын:
Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасы Президенті
А.Г. Лукашенко;
Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасы Президенті
Н.А. Назарбаев;
Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясы Президенті
Д.А. Медведев.
2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған соманы аудару тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттаманың қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі мәтінге сәйкес келеді.

Қолданыстағы