О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 21 февраля 2011 года № 02-01-02/32 "Об утверждении Типовых квалификационных требований к должностям в правоохранительных органах"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 21 февраля 2011 года № 02-01-02/32 "Об утверждении Типовых квалификационных требований к должностям в правоохранительных органах"
- Атауы (қаз.)
- "Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 21 ақпандағы № 02-01-02/32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 02-01-02/189
- Қабылданған күні
- 06.09.2011
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2013 AI60883_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100007216
- ЭКБ идентификаторы
- 60883
- Редакция идентификаторы
- AI60883_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:40
0 "Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 21 ақпандағы № 02-01-02/32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 және 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 70 қбпү Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 21 ақпандағы № 02-01-02/32 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6801 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 сәуірде «Егемен Қазақстан» газетінде № 160-163 (26565) жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрығымен бекітілген Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарында:
7-тармағында:
1) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірінші топшасы үшін (комитет төрағасы – ТЖМ, ІІМ, ҚАЖК (C-SV-1), төраға – КБК (Қ-КБ-1), аппарат басшысы – ІІМ, ТЖМ (C-SV-1), ЭСЖКА (C-FP-1), департамент бастығы, Бас прокурордың аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі – БП (C-GP-1)):»;
2) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2) екінші топшасы үшін (Комитет төрағасының орынбасары – ТЖМ, ІІМ, ҚАЖК (C-SV-2), төрағаның орынбасары – КБК (Қ-КБ-2), департамент бастығы (директоры) – ТЖМ, ІІМ (C-SV-2), ЭСЖКА (C-FP-2), БП департамент бастығының орынбасары, дербес басқарма бастығы – БП (C-GP-2)):»;
4) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4) төртінші топшасы (департамент, комитет басқармасының бастығы – ТЖМ, ІІМ, ҚАЖК (C-SV-4), басқарма бастығы – КБК (Қ-КБ-3), департамент басқармасының бастығы – ЭСЖКА (C-FP-4), басқармасы бастығының орынбасары – ЭСЖКА (C-FP-4), ТЖМ, ІІМ (C-SV-4), баспасөз хатшысы – ЭСЖКА (C-FP-3), орталық органның бірінші басшысының кеңесшісі – ІІМ, ТЖМ (C-SV-4), ЭСЖКА (C-FP-3), БП, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – ҚСжАЕК) басқармасының бастығы, Бас прокурордың аға көмекшісі – БП (C-GP-3)):»;
5) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5) бесінші топшасы үшін (департаменттің, комитеттің басқарма бастығының орынбасары – ІІМ, ҚАЖК, ТЖМ (C-SV-5), басқарма бастығының орынбасары – КБК (Қ-КБ-4), бөлім бастығы – ІІМ, ҚАЖК, ТЖМ (C-SV-5), КБК (Қ-КБ-4), департаменттің басқарма бастығының орынбасары, департаменттің бөлім бастығы, басқармасының бөлім бастығы – ЭСЖКА (C-FP-5), БП басқарма бастығының орынбасары, бөлім бастығы, ҚСжАЕК бөлім бастығы, Бас прокурордың кеңесшісі, көмекшісі – БП (C-GP-4)):»;
6) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6) алтыншы топшасы үшін (департамент, комитет басқармасының бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары – ІІМ, ҚАЖК, ТЖМ (C-SV-6), басқарманың бөлім бастығы – КБК (Қ-КБ-5), департаменттің бөлім бастығының орынбасары, департамент басқармасының бөлім бастығы, орталық органның бірінші басшысының көмекшісі – ЭСЖКА (C-FP-6), БП басқармасының, бөлімінің аға прокуроры, ҚСжАЕК басқармасының, бөлімінің аға прокуроры – БП (C-GP-5)):»;
7) тармақшасында «КБК,» деген сөз алып тасталсын;
8) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«8) сегізінші топшасы үшін (аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші (жедел уәкіл), аға офицер – ІІМ (C-SV-8), бас маман – ІІМ, ҚАЖК, ТЖМ (C-SV-8), КБК (Қ-КБ-6), аға тергеуші (инспектор) – ЭСЖКА (C-FP-8):»;
9) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9) тоғызыншы топшасы үшін (аға маман – ІІМ, ҚАЖК, ТЖМ (C-SV-9), КБК (Қ-КБ-7), офицер – ІІМ (C-SV-9), маман – ІІМ, ҚАЖК (C-SV-10), тергеуші (инспектор) – ЭСЖКА (C-FP-9)):»;
8-тармағында:
2) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2) екінші топшасы үшін (басшы – ІІМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVO-1), департаменттің бастығы, кеденнің бастығы – КБК (Қ-ОКБ-1), аумақтық органның басшысы – ЭСЖКА (C-FPO-1), облыс прокурорының бірінші орынбасары, ҚСжАЕК облыстық органы бастығы – БП (C-OGP-2)):»;
3) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3) үшінші топшасы үшін (басшының орынбасары – ІІМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVO-2), департамент бастығының орынбасары, кеден бастығының орынбасары – КБК (Қ-ОКБ-2), мамандандырылған кеден мекемесінің бастығы – КБК (Қ-ОКБ-3), аумақтық органы басшысының орынбасары – ЭСЖКА (C-FPO-2), облыс прокурорының орынбасары, ҚСжАЕК облыстық органы бастығының орынбасары – БП (C-OGP-3)):»;
4) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4) төртінші топшасы үшін (басқарма бастығы – ІІМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVO-3), КБК (Қ-ОҚБ-5), мамандандырылған кеден мекемесі бастығының орынбасары – КБК (Қ-ОКБ-4), кеден бекетінің бастығы – (Қ-ОҚБ-5), аумақтық органның басқарма бастығы – ЭСЖКА (C-FPO-3), облыс прокуратураның басқарма бастығы, ҚСжАЕК облыстық органы басқармасының бастығы, облыс прокурорының аға көмекшісі – БП (C-OGP-4)):»;
5) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5) бесінші топшасы үшін (басқарма бастығының орынбасары – ІІМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVO-4), КБК – (Қ-ОКБ-6), бөлімнің бастығы – ІІМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVO-4), КБК – (Қ-ОКБ-6), кеден бекеті бастығының орынбасары – КБК (Қ-ОКБ-6), аудандық органның басқарма бастығының орынбасары, аудандық органның бөлім бастығы – ЭСЖКА (C-FPO-4), облыстық прокуратураның басқарма бастығының орынбасары, ҚСжАЕК облыстық органы басқармасы бастығының орынбасары – БП (C-OGP-5)):»;
6) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6) алтыншы топшасы үшін (басқарманың бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары – ІІМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVO-5), басқарманың бөлім бастығы – КБК (Қ-ОКБ-7), аумақтық органның бөлім бастығының орынбасары, аудандық органның басқарма бөлім бастығы – ЭСЖКА (C-FPO-5), облыстық прокуратураның бөлім бастығы, ҚСжАЕК облыстық органының бөлім бастығы, облыс прокурорының көмекшісі – БП (C-OGP-6)):»;
7) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жетінші топшасы үшін (басқарманың бөлім бастығының орынбасары, бөлімшенің бастығы – ІІМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVO-6), КБК (Қ-ОКБ-8), аумақтық органның басқармасы бөлім бастығының орынбасары, аумақтық органның бөлімше бастығы – ЭСЖКА (C-FPO-6)):»;
8) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«8) сегізінші топшасы үшін (бас маман – ІІМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVO-7), КБК (Қ-ОКБ-9), мамандандырылған кеден мекемесінің бас маманы (кеден сарапшысы, оқытушы, кинолог, мал дәрігері, медицина-санитарлық бөлімінің маманы, оқу-әдістемелік орталықтың әдістемешісі) – КБК (Қ-ОКБ-9), аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші (жедел уәкіл), аға офицер – ІІМ (C-SVO-7), аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші (инспектор) – ЭСЖКА (C-FPO-7)):»;
9) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9) тоғызыншы топшасы үшін (аға маман – ІІМ, ҚАЖК (C-SVO-8), КБК (Қ-ОКБ-10), мамандандырылған кеден мекемесінің аға маманы (кеден сарапшысы, оқытушы, кинолог, мал дәрігері, медицина-санитарлық бөлімінің маманы, оқу-әдістемелік орталықтың әдістемешісі) – КБК (Қ-ОКБ-10), аға тергеуші (инспектор) – ЭСЖКА (C-FPO-8), облыстық прокуратура басқармасының, бөлімінің аға прокуроры, ҚСжАЕК облыстық органы басқармасының, бөлімінің аға прокуроры – БП (C-OGP-7), облыстық прокуратура басқармасының, бөлімінің прокуроры, ҚСжАЕК облыстық органы басқармасының, бөлімінің прокуроры – БП (C-OGP-8)):»;
10) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«10) оныншы топшасы үшін (маман – ІІМ, ҚАЖК (C-SVO-9), КБК (Қ-ОКБ-11), мамандырылған кеден мекемесінің маманы (кеден сарапшысы) – (Қ-ОКБ-11), тергеуші (инспектор) – ЭСЖКА (C-FPO-9));».