О внесении изменения в решение акима Саралжинского сельского округа от 21 октября 2011 года № 13 «О присвоении наименований улицам населенных пунктов Саралжинского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима Саралжинского сельского округа от 21 октября 2011 года № 13 «О присвоении наименований улицам населенных пунктов Саралжинского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Саралжын ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 21 қазандағы № 13 «Саралжын ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 16
- Қабылданған күні
- 10.09.2018
- Көрсетілген редакция
- 10.09.2018 125104_359032.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.09.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18CKE00141
- ЭКБ идентификаторы
- 125104
- Редакция идентификаторы
- 125104_359032
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:16
0 Саралжын ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 21 қазандағы № 13 «Саралжын ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, сәйкес, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, Саралжын ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Саралжын ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 21 қазандағы № 13 «Саралжын ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-11-100 болып тіркелген, 2011 жылғы 17 қарашада аудандық «Ойыл» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Саралжын ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».