О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 21 апреля 2011 года № 213 «Об утверждении Правил классификации судов внутреннего и смешанного «река-море» плавания»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 21 апреля 2011 года № 213 «Об утверждении Правил классификации судов внутреннего и смешанного «река-море» плавания»
- Атауы (қаз.)
- «Ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 213 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 458
- Қабылданған күні
- 31.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 31.05.2016 104349_Some(99412).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013854
- ЭКБ идентификаторы
- 104349
- Редакция идентификаторы
- 104349_Some(99412)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:57
0 «Ішкі және аралас «өзен-теңіз»
суларында жүзетін кемелерді
сыныптау қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрінің міндетін
атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі
№ 213 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 213 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6969 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 22 маусымдағы № 87 (2077) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасында:
мынадай мазмұндағы 45-1-тармақпен толықтырылсын:
«45-1. Формуляр әр кемеге жеке жүргізіледі және кемеге берілген актілер мен куәліктердің көшірмелерінен тұрады.
Формулярдың сыртқы бетінде титул парағы жабыстырылады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне осы бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.