Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 21 апреля 2011 года № 214 "Об утверждении Правил о грузовой марке морских судов"

Бұйрық · № 766 · қабылданған 04.11.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2011-no-214/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 21 апреля 2011 года № 214 "Об утверждении Правил о грузовой марке морских судов" Қолданыста Бұйрық ·№ 766 ·04.11.2016
04.11.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 21 апреля 2011 года № 214 "Об утверждении Правил о грузовой марке морских судов"

Қолданыста Бұйрық ·№ 766 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 21 апреля 2011 года № 214 "Об утверждении Правил о грузовой марке морских судов"
Атауы (қаз.)
"Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 214 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
766
Қабылданған күні
04.11.2016
Көрсетілген редакция
04.11.2016 108301_132980.kaz
Соңғы өзгеріс
04.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014493
ЭКБ идентификаторы
108301
Редакция идентификаторы
108301_132980
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:21

0 «Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы

қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 21 сәуірдегі № 214 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабы 3-тармағы 49) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6967 болып тіркелген; 2011 жылғы 30 маусымда «Юридическая газета» газетінде № 92 (2082) болып жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағидасында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы осы қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабы 3-тармағының49) тармақшасына және 1988 жылғы хаттамамен өзгерістер енгізіліп, толықтырылған, 2003 жылы қайта қаралған, 1966 жылғы Жүк маркасы туралы халықаралық конвенцияға (бұдан әрі - Жүк маркасы туралы халықаралық конвенция) сәйкес әзірленді және Кеме қатынасының тіркелімімен техникалық бақылауға жататын кемелердің су үсті бортының мақсатын, куәландыру және бортқа жүк маркаларын салу тәртібін айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Қағиданың талаптары Жүк маркасы туралы халықаралық конвенцияның қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелерге қатысты қолданылады»;
6 - тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Қағиданың 75-155-тармақтарында қамтылған талаптар, Жүк маркасы туралы халықаралық конвенция негізінде әзірленді және осы Қағиданың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген кемелерге қолданылады. Бұл ретте осы Қағиданың 67-154-тармақтардағы талаптар ең аз су үсті борты тағайындалған әр кемеге қолданылады. Осы талаптардан бас тарту су үсті борты ең аздан кем болып тағайындалған кемелерге қауіпсіздік шаралары Кеме қатынасы тіркелімімен жеткілікті деп таныған, 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап немесе сол күннен кейін жасалған осыған іспеттес сатысында болған кемелерге рұқсат беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:
«34-1. Кеменің туын көтеріп жүзуге құқығы бар мемлекеттің үкіметіне қатысты Жүк маркасы туралы халықаралық конвенция күшіне енген кезде жарамды жүк маркасы туралы халықаралық куәлік оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін күшінде қалады.»;

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы