Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 21 апреля 2011 года № 216 "Об утверждении Правил освидетельствования судов в эксплуатации"

Бұйрық · № 804 · қабылданған 26.11.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2011-no-216-ekb-70595/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 21 апреля 2011 года № 216 "Об утверждении Правил освидетельствования судов в эксплуатации" Қолданыста Бұйрық ·№ 804 ·26.11.2012
26.11.2012 редакциясы
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 21 апреля 2011 года № 216 "Об утверждении Правил освидетельствования судов в эксплуатации"

Қолданыста Бұйрық ·№ 804 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 21 апреля 2011 года № 216 "Об утверждении Правил освидетельствования судов в эксплуатации"
Атауы (қаз.)
"Пайдаланылған кемелерді куәландыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 216 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
804
Қабылданған күні
26.11.2012
Көрсетілген редакция
26.11.2012 AI70595_0.kaz
Соңғы өзгеріс
26.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008254
ЭКБ идентификаторы
70595
Редакция идентификаторы
AI70595_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:46

0 "Пайдаланылған кемелерді куәландыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 216 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Ішкі су және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелердің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Пайдаланылған кемелерді куәландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6991 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2011 жылғы 24 тамыздағы № 8, (408); 2011 жылғы 25 қыркүйектегі № 9, (409) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдаланылған кемелерді куәландыру қағидаларында:
мемлекеттік тілдегі 39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Кеме қатынасының тіркелімі егер кеме пайдалануда болмаса, кеме иесі Кеме қатынасы тіркеліміне жазбаша өтініш ұсынғанда сыныптамалық, кезекті және жыл сайынғы куәландыру күнін ұзартады.»;
163-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«163. Өртке қарсы конструктивтік қорғау элементтерін кезекті куәландыру кезінде олардағы отқа берік және от ұстаушы құрылымдар мен ойық қақпақтары оқшауларының техникалық жай-күйі тексеріледі. Қажетті жағдайларда жекелеген учаскелердің жамаулары мен оқшаулауын ашады.
Шахталар, желдету арналары, түтін құбырлардың сақина кеңістігі, жарық люктерінің және басқа жүк оймаларының, машина және сорғы үй-жайларды және олардың жетектерінің есік жабуларының жарамдылығы тексеріледі.»;
24-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
көрсетілген қағидаларына 34-қосымшада:
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«64. Сынаманы іріктеп алу зондты, бұрандалық бітеулері бар саңылауды газдардың шығу жүйесінен атмосфераға шығуына дейін кемінде 0,5 м және газдар сынамасы температурасы кемінде 373 К қамтамасыз ету үшін қозғалтқышқа жеткілікті жақын арақашықтықта орнатады. Зондты түтіктің шығару коллекторының жалғанған фланецтен бастап құбырдың тура учаскесінің 6 диаметр арақашықтығында орнату ұсынылады.
Сынаманы іріктеп алу зондты орнату үшін бұрандалық бітеулері бар штуцерді құбырдың учаскесінде кеме командасының күшімен орнатады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Н.Б. Есембаева) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қоршаған ортаны
қорғау министрі
Н. Қаппаров ____________
2012 жылғы 6 желтоқсан

1 Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттар тізбесі

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 26 қарашадағы
№ 804 бұйрығына қосымша
Пайдаланылған кемелерді
куәландыру қағидаларына
24-қосымша
Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттар тізбесі

1 1. Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттары Кеме қатынасы тіркелімімен сыныптамалық қызметін жүзеге асыру кезінде құжаттарды беру мақсаты және көрсетілетін қызмет түріне байланысты кемеге сияқты, ұйымдарға және жеке тұлғаларға беріледі.

2 2. Жасаудағы кемелерге сыныптамалық және алғашқы куәландыруды жүзеге асыратын Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері осы Тізбеге қосымшаның 1-5, 19, 22, 23-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ресімдейді.

Пайдаланудағы кемені алғашқы куәландыру кезінде, сондай-ақ кеменің аты өзгергенде барлық құжаттармен жаңамен ауыстырылады. Кеме иесі өзгерген жағдайда, кеме иесі көрсетілетін барлық куәліктер жаңамен ауыстырылады.

3 3. Кеме қатынасының тіркеліміне барлық басты объектілерге жасау, қайта жабдықтау және жетілдіру осы Тізбеге қосымшаның 19, 22, 23-тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылады.

4 4. Кемені жасағаннан кейін ресімделген құжаттар, поштамен Кеме қатынасы тіркеліміне жіберіледі, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне – кемемен бірге олардың алғаны туралы капитанның қолхатымен немесе поштамен жіберіледі.

5 5. Осы Тізбеге қосымшада көрсетілген құжаттардың барлық санамалаған нысандары Кеме қатынасы тіркелімі директорының бұйрығымен бекітіледі.

1.1 Кеме қатынасы тіркелімінің

құжаттарының тізбесіне қосымша
Құ­жат ны­са­ны
Құ­жат­тың ата­уы
Құ­жат­тар са­ны
Ес­керт­пе
ке­ме­ге
Ке­ме қа­ты­на­сы тір­ке­лі­мі­нің қыз­мет­ке­ріне
Ке­ме қа­ты­на­сы­ның тір­ке­лі­мі үшін
1
2
3
4
5
6
Сы­нып­тау ку­ә­лі­гі
1. РС-3.1
Сы­нып­тау ку­ә­лі­гі
1
1
-
Іш­кі және «өзен-те­ңіз» су­ла­рын­да жү­зе­тін ке­ме­лер­ге бе­рі­ле­ді
2. РС-2.7
Сы­нып­тау ку­ә­лі­гі (тек ке­ме­ні мем­ле­кет­тік тір­кеу үшін ға­на)
1
1
-
Ке­ме­ні мем­ле­кет­тік тір­ке­уді жү­зе­ге асы­ра­тын ор­ган­ға ұсы­ну үшін ар­нал­ған
3. РС-1.0
Жүзу­ге жа­рам­ды­лық ту­ра­лы ку­ә­лік
1
1
-
Іш­кі және «өзен-те­ңіз» су­ла­рын­да жү­зе­тін ке­ме­лер­ге бе­рі­ле­ді
4. РС-1.7
Жо­ла­у­шы­лар ку­ә­лі­гі
1
1
-
Жо­ла­у­шы­лар ке­ме­сіне, сон­дай-ақ та­сы­мал­дау шар­тта­ры бой­ын­ша адам­дар­ды та­сы­мал­дау үшін қол­да­ны­ла­тын жү­ріп тұ­ра­тын ке­ме­лер­ге бе­рі­ле­ді
5. РС-2.0
Мұ­най, пай­да­ла­ны­л­ған су және қо­қы­спен ла­ста­ну­ды бол­дыр­мау ту­ра­лы ку­ә­лік
1
1
-
Іш­кі су­да жү­зе­тін бар­лық ке­ме­лер­ге бе­рі­ле­ді
6. РС-2.4
Мұ­най, пай­да­ла­ны­л­ған су және қо­қы­спен ла­ста­ну­ды бол­дыр­мау ту­ра­лы ку­ә­лік
1
1
-
Ара­лас «өзен-те­ңіз» су­ла­рын­да жү­зе­тін ке­ме­лер­ге бе­рі­ле­ді
7. РС-2.1
Бір жол­ғы жү­зіп өту­ге бе­рі­ле­тін ку­ә­лік
1
1
-
Іш­кі су жол­да­рын­да және те­ңіз аудан­да­рын­да жү­зіп өту ке­зін­де рұқ­сат­ты ре­сім­деу ке­зін­де ха­лы­қа­ра­лық рей­стер­ді орын­да­май­тын ке­ме­лер­ге бе­рі­ле­ді
8. РС-1.9
«М-ПР», «О-ПР» сы­нып­ты ке­ме­лер­дің жүк мар­ка­сы ту­ра­лы ку­ә­лік
1
1
-
Ха­лы­қа­ра­лық рей­стер­де жүз­бей­тін «М-ПР», «О-ПР» сы­нып­ты ке­ме­лер­ге бе­рі­ле­ді
9. РС-1.8
Өл­шеу ку­ә­лі­гі
1
1
-
Ке­ме ие­сі­нің өті­ні­мі бой­ын­ша ха­лы­қа­ра­лық рей­стер­ді орын­да­май­тын «өзен-те­ңіз» су­ла­рын­да жү­зе­тін ке­ме­лер­ге бе­рі­ле­ді
10. РС-2.2
Жаб­дық­қа және жаб­дық­та­у­ға бе­рі­ле­тін ку­ә­лік
1
1
-
«Өзен-те­ңіз» су­ла­рын­да жү­зе­тін ке­ме­лер­ге бе­рі­ле­ді
11. РС-2.3
Ра­дио­жаб­дық­қа бе­рі­ле­тін ку­ә­лік
1
1
-
Ха­лы­қа­ра­лық рей­стер­ді орын­да­май­тын «өзен-те­ңіз» су­ла­рын­да жү­зе­тін ке­ме­ге бе­рі­ле­ді
12. РС-2.6
Дәне­кер­ле­у­ші­ге рұқ­сат бе­ре­тін ку­ә­лік
1
1
-
ІЖКҚ 5-бө­лі­мін­де ре­гла­мент­тел­ген кон­струк­ци­я­лар­ды пі­сі­ру үшін дәне­кер­ле­у­ші­ге (опе­ра­тор­ға) рұқ­сат бер­ген­де бе­рі­ле­ді
13. РС-2.5
Ке­ме­лер­ден ат­мо­сфе­ра­ны ла­ста­ну­ды бол­дыр­мау ту­ра­лы ку­ә­лік
1
1
-
Іш­кі және «өзен-те­ңіз» су­ла­рын­да жү­зе­тін ке­ме­лер­ге бе­рі­ле­ді
14. РС-2.8
Қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­дау үшін ке­ме­нің жа­рам­ды бо­луы ту­ра­лы ку­ә­лік
1
1
-
Қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­дау үшін жа­рам­ды деп та­ны­л­ған іш­кі және ара­лас су­лар­да жү­зе­тін ке­ме­лер­ге бе­рі­ле­ді
15. РС-5.0
Тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­дың/ жаб­дық­тар­дың қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес ке­луі ту­ра­лы ку­ә­лік
1
1
-
Жа­ңа ке­ме­ні жа­сау ке­зін­де қол­да­ны­луы ұй­ға­ры­л­ған пай­да­ла­ны­л­ған ке­ме­лер­дің ме­ха­низмде­ріне, электр және бас­қа жаб­дық­та­ры­на ре­сім­де­ле­ді
16. РС-1.1
Ке­ме­ні ку­әлан­ды­ру ак­ті­сі
1
1
-
Егер ку­әлан­ды­ру нәти­же­сін то­лық­тай жа­зу қа­жет бол­са, ке­ме­ні неме­се оның эле­мент­те­рі­нің кез кел­ген ку­әлан­ды­ру нәти­же­сі бой­ын­ша ре­сім­де­ле­ді
17. РС-1.2
Ке­ме­ні жыл сай­ын­ғы ку­әлан­ды­ру ак­ті­сі
1
1
-
Ал­дың­ғы ку­әлан­ды­ру­мен са­лы­стыр­ған­да ке­ме эле­мент­те­рі­нің тех­ни­ка­лық жай-күйі өзгер­ме­ген жағ­дай­да ре­сім­де­ле­ді
18. РС-1.3
Ке­ме­ні ке­зек­ті ку­әлан­ды­ру ак­ті­сі
1
1
-
Ке­ме­ні ке­зек­ті ку­әлан­ды­ру нәти­же­сі бой­ын­ша ре­сім­де­ле­ді
19. РС-1.4
Кор­пу­сты ке­зек­ті ку­әлан­ды­ру ак­ті­сі
1
1
-
Ке­ме кор­пу­сын ке­зек­ті ку­әлан­ды­ру­дан кей­ін ре­сім­де­ле­ді
20. РС-1.5
Ке­ме­ні сы­нып­та­ма­лық ку­әлан­ды­ру ак­ті­сі
1
1
-
Ке­ме­ні және оның эле­мент­те­рін ку­әлан­ды­ру нәти­же­сі бой­ын­ша ре­сім­де­ле­ді
21. РС-3.3
Қы­сым­да­ғы ыдыс­тар­ды гид­рав­ли­ка­лық сы­на­удың іш­кі ку­әлан­ды­ру ак­ті­сі
1
1
-
Ыдыс­тар­ды ку­әлан­ды­ру ке­зін­де ре­сім­де­ле­ді
22. РС-1.6
Жүк кө­те­ру құ­ры­л­ғы­сын ку­әлан­ды­ру ак­ті­сі
1
1
-
Жүк кө­те­ру құ­ры­л­ғы­сын ку­әлан­ды­ру ке­зін­де ре­сім­де­ле­ді
23. РС-4.0
Ұй­ым­ды ку­әлан­ды­ру ак­ті­сі
1
1
кей­ін
Та­ну ту­ра­лы ку­ә­лі­гін кей­ін­нен ре­сім­деу үшін ре­сім­де­ле­ді

Қолданыстағы