О внесении изменений в постановление акимата Ерейментауского района от 21 февраля 2011 года № А-2/57 "Об установлении в Ерейментауском районе квоты рабочих мест для инвалидов, для лиц освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Ерейментауского района от 21 февраля 2011 года № А-2/57 "Об установлении в Ерейментауском районе квоты рабочих мест для инвалидов, для лиц освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций"
- Атауы (қаз.)
- Ерейментау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № А-2/57 "Ерейментау ауданында мүгедектер үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- а-10/525
- Қабылданған күні
- 18.10.2012
- Көрсетілген редакция
- 01.04.2016 68571_195412.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12BI003488
- ЭКБ идентификаторы
- 68571
- Редакция идентификаторы
- 68571_195412
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:08
0 Ерейментау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № А-2/57 "Ерейментау ауданында мүгедектер үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-2), 5-5), 5-6)тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ерейментау ауданында мүгедектер үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Ерейментау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № А-2/57 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің № 1-9-168 тізілімінде тіркелген, аудандық «Ереймен» газетінде 2011 жылғы 26 наурызда, және аудандық «Ерейментау» газетінде 2011 жылғы 26 наурызда жарияланған) келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулының тақырыбы келесi редакцияда жазылсын:
«Ерейментау ауданында мүгедектер үшін, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»;
көрсетiлген қаулының 1 тармағы келесi редакцияда жазылсын:
«1. Ерейментау ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бiтiрген кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының екі пайызы көлемінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.».