О внесении изменений в решение Созакского районного маслихата от 21 октября 2011 года № 289 "О корректировке базовых ставок земельного налога"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Созакского районного маслихата от 21 октября 2011 года № 289 "О корректировке базовых ставок земельного налога"
- Атауы (қаз.)
- Созақ аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 қазандағы № 289 "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 110
- Қабылданған күні
- 25.06.2013
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2014 AI73562_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13UL002328
- ЭКБ идентификаторы
- 73562
- Редакция идентификаторы
- AI73562_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:54
0 Созақ аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 қазандағы № 289 "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387 бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Созақ аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 қазандағы № 289 «Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-12-129 тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашадағы «Молшылық» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 378, 379, 381, 383-баптарында белгіленген, автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкаларын 50 процентке жоғарылатылсын».