О внесении изменений в постановление акимата Жаксынского района от 21 апреля 2011 года № А-3/128 "Об определении оптимальных сроков сева по видам субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур на 2011 год и сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Жаксынского района от 21 апреля 2011 года № А-3/128 "Об определении оптимальных сроков сева по видам субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур на 2011 год и сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий"
- Атауы (қаз.)
- Жақсы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 сәуірдегі № А-3/128 "2011 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдерін және субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімін анықтау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-5/181
- Қабылданған күні
- 03.06.2011
- Көрсетілген редакция
- 26.06.2013 59191_195213.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.06.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11BM000134
- ЭКБ идентификаторы
- 59191
- Редакция идентификаторы
- 59191_195213
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:14
0 Жақсы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 сәуірдегі № А-3/128 "2011 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдерін және субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімін анықтау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұсынысын назарға ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Жақсы ауданы әкімдігінің «2011 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдерін және субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімін анықтау туралы» 2011 жылғы 21 сәуірдегі № а-3/128 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-13-132 тіркелген, Жақсы жаршысы» газетінде 2011 жылғы 13 мамырда № 19 жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
қосымшаның «себу мерзімі» бағанында:
1 реттік нөмірлі жолында «26 мамырға дейін» сөздері «12 – 29 мамыр» сөздеріне ауыстырылсын;
2 реттік нөмірлі жолында «28 мамырға дейін» сөздері «14 мамырдан 5 маусымға дейін» сөздеріне ауыстырылсын;
3 реттік нөмірлі жолында «30 мамырға дейін» сөздері «18 мамырдан 7 маусымға дейін» сөздеріне ауыстырылсын;
4 реттік нөмірлі жолында «5 маусымға дейін» сөздері «7 маусымға дейін» сөздеріне ауыстырылсын.