О внесении изменений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 21 ноября 2011 года № 62/108 "Об утверждении Инструкции по регистрации доверенных лиц"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 21 ноября 2011 года № 62/108 "Об утверждении Инструкции по регистрации доверенных лиц"
- Атауы (қаз.)
- "Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 21 қарашадағы № 62/108 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 36/132
- Қабылданған күні
- 26.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 26.05.2016 103657_93870.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013820
- ЭКБ идентификаторы
- 103657
- Редакция идентификаторы
- 103657_93870
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:00
0 «Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы
21 қарашадағы № 62/108 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының
12 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 21 қарашадағы № 62/108 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7307 болып тіркелген) қаулысында мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы өтінішке кандидаттардың өздері не сенімхат бойынша олардың уәкілетті адамдары қол қояды.
Саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы өтінішке «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы
15 шілдедегі Заңына және саяси партияның жарғысына сәйкес уәкілетті адам қол қояды.»;
8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы
29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына сәйкес мемлекеттік саяси қызметші лауазымын атқарса, бас тартады.».