О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Жанаозен от 21 ноября 2011 года № 667 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставления на договорной основе помещений для встреч с избирателями для всех кандидатов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Жанаозен от 21 ноября 2011 года № 667 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставления на договорной основе помещений для встреч с избирателями для всех кандидатов»
- Атауы (қаз.)
- Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы» 21 қараша 2011 жылғы №667 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 233
- Қабылданған күні
- 28.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 04.04.2018 86872_316251.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15MB002615
- ЭКБ идентификаторы
- 86872
- Редакция идентификаторы
- 86872_316251
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:53
0 Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы» 21 қараша 2011 жылғы №667 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабының 4 және 6 тармақтарына, сонымен қатар Маңғыстау облысы әділет департаментінің 2014 жылғы 5 қарашадағы №02-11-2507 хатына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашасындағы № 667 «Барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11-2-177 болып тіркелген, 2011 жылғы 30 қарашадағы «Жаңаөзен» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған қаулының 1, 2 қосымшасы осы қаулының 1, 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Жаңаөзен қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (Д.К. Есенова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының басшысы Д.Есеноваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Жаңаөзен қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы
Базылов Бақтығали
28 қаңтар 2015 жыл
5 Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 21 қарашадағы
№ 677 қаулысына
1-қосымша
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 233 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенттің, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
Жаңаөзен қаласы
1 1) Маңғыстау көшесіндегі «Өркен» шағынауданының №20 үйінің жанында орнатылған ақпараттық стенд;
2 2) Сәтпаев көшесіндегі қала әкімдігі ғимаратының қарсысында орнатылған ақпараттық стенд;
3 3) Сәтпаев көшесіндегі «Шаңырақ» шағынауданындағы №27 үйдің қарсысында орнатылған ақпараттық стенд;
4 4) Қосқұлақов көшесіндегі «Самал» шағынауданындағы №11/26 үйдің қарсысында орнатылған ақпараттық стенд;
5 5) «Мұнайшы» мәдениет үйі ғимаратының алдында орнатылған ақпараттық стенд.
Теңге ауылы
Марабаев даңғылындағы «Болашақ» дүкенінің алдында орнатылған ақпараттық стенд.
Қызылсай ауылы
№4 Сүгір Бегендікұлы атындағы орта мектеп ғимаратының қарсысында орнатылған ақпараттық стенд.
Рахат ауылы
№18 орта мектеп ғимаратының қарсысында орнатылған ақпараттық стенд.
11 Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 21 қарашадағы
№ 677 қаулысына
2-қосымша
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 233 қаулысына
2-қосымша
Сайлаушылармен кездесу үшін берілетін үй-жайлар
1 1. Жаңаөзен қаласы
1 1) Оқушылар шығармашылық үйі
2 2) «Мұнайшы» мәдениет үйі
2 2. Теңге ауылы
№17 орта мектептің акт залы
3 3. Қызылсай ауылы
№ 4 орта мектептің акт залы
4 4. Рахат ауылы
№ 18 орта мектептің акт залы