О внесении изменений в постановление акимата города Жанаозен от 21 ноября 2011 года № 667 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов предоставление на договорной основе помещение для встреч с избирателями для всех кандидатов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Жанаозен от 21 ноября 2011 года № 667 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов предоставление на договорной основе помещение для встреч с избирателями для всех кандидатов»
- Атауы (қаз.)
- Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 667 «Барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 382
- Қабылданған күні
- 10.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 04.04.2018 87495_316253.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15MB002638
- ЭКБ идентификаторы
- 87495
- Редакция идентификаторы
- 87495_316253
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:12
0 Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 667 «Барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28 бабының 4 және 6 тармақтарына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1.Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 667 «Барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-177 болып тіркелген, 2011 жылы 30 қарашадағы № 48 «Жаңаөзен» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының атауы жаңа редакцияда жазылсын:
«Барлық кандидаттар үшін сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу»;
көрсетілген қаулының № 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Жаңаөзен қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (Д.К. Есенова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3.Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының басшысы Д.Есеноваға жүктелсін.
4 4.Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Жаңаөзен қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы
Базылов Бақтығали
10 наурыз 2015 жыл
5 Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 10 наурыздағы
№ 382 қаулысына
қосымша
Сайлаушылармен кездесу үшін берілетін үй-жайлар
Жаңаөзен қаласы:
оқушылар шығармашылық үйі;
«Мұнайшы» мәдениет үйі;
«Арман» сауда үйінің мәжіліс залы;
1.
Теңге ауылы :
«№17 орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің акт залы;
2.
Қызылсай ауылы:
«Жаңаөзен қаласының № 4 Сүгір Бегендікұлы атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің акт залы;
3.
Рахат ауылы:
«Жаңаөзен қаласы № 18 орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің акт залы.