О внесении изменения в решение от 21 декабря 2012 года № 11/9-V "Об определении категорий физических лиц и перечня документов, необходимых для получения социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение от 21 декабря 2012 года № 11/9-V "Об определении категорий физических лиц и перечня документов, необходимых для получения социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 11/9-V "Мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін жеке тұлғалардың санаттарын және қажетті құжаттардың тізімін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 13/6-IV
- Қабылданған күні
- 19.03.2013
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2014 71997_183521.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13VD002931
- ЭКБ идентификаторы
- 71997
- Редакция идентификаторы
- 71997_183521
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:28
0 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 11/9-V "Мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін жеке тұлғалардың санаттарын және қажетті құжаттардың тізімін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 11/9-V «Мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін жеке тұлғалардың санаттарын және қажетті құжаттардың тізімін белгілеу туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2824 нөмірімен тіркелген, № 5 «Лениногорская правда» газетінде 2013 жылғы 01 ақпанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
бірінші тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
1 «1. Әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар жеке тұлғалардың келесі санаттары белгіленсін:
1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
2 2) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген тұлғалар және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттары;
3 3) жасы бойынша зейнеткерлер;
4 4) 1 және 2 топтың мүгедектері; 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
5 5) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен, 1 және 11 дәрежелердегі «Ана Даңқы» ордендерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған көп балалы аналар;
6
6) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);
7 7) жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар санынан шыққан жоғары кәсіптік оқу орындарының студенттері; балалар үйінің түлектері;
8 8) онкологиялық аурулары бар, АИВ жұқтырған және туберкулездің түрлі формаларымен ауыратын азаматтар;
9
9) қымбат тұратын жедел емдеу жасауға мұқтаж болу салдарынан шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін (шығындары отбасының айлық табысының үш есе мөлшерінен асатын), сондай-ақ өртке қарсы қызметтің қорытындысы бойынша, қасақана өртеуден басқа өрттен, су тасқынынан, табиғи апаттан, төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен азаматтар;