О внесении изменения в постановление акимата Енбекшильдерского района от 21 декабря 2012 года № А-12/384 "Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в размере 3 процентов от общей численности рабочих мест"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Енбекшильдерского района от 21 декабря 2012 года № А-12/384 "Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в размере 3 процентов от общей численности рабочих мест"
- Атауы (қаз.)
- Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № А-12/384 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан 3 пайыздық көлемінде жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- а-6/285
- Қабылданған күні
- 27.09.2013
- Көрсетілген редакция
- 18.02.2016 74952_53073.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13BJ003849
- ЭКБ идентификаторы
- 74952
- Редакция идентификаторы
- 74952_53073
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:13
0 Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № А-12/384 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан 3 пайыздық көлемінде жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, Еңбекшілдер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан 3 пайыздық көлемінде жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № А-12/384 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3558 тіркелген, 2013 жылғы 18 қаңтарда "Жаңа-дәуір" және "Сельская-новь" аудандық газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
қаулының кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Еңбекшілдер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".