Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2012 года № 148 «Об утверждении Правил въезда и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан и Правил осуществления миграционного контроля, а также учета иностранцев и лиц без гражданства, незаконно пересекающих Государственную границу Республики Казахстан, незаконно пребывающих на территории Республики Казахстан, а также лиц, которым запрещен въезд на тер

Қаулы · № 814 · қабылданған 06.12.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2012-no-148-ekb-116432/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2012 года № 148 «Об утверждении Правил въезда и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан и Правил осуществления миграционного контроля, а также учета иностранцев и лиц без гражданства, незаконно пересекающих Государственную границу Республики Казахстан, незаконно пребывающих на территории Республики Казахстан, а также лиц, которым запрещен въезд на тер Қолданыста Қаулы ·№ 814 ·06.12.2017
06.12.2017 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2012 года № 148 «Об утверждении Правил въезда и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан и Правил осуществления миграционного контроля, а также учета иностранцев и лиц без гражданства, незаконно пересекающих Государственную границу Республики Казахстан, незаконно пребывающих на территории Республики Казахстан, а также лиц, которым запрещен въезд на тер

Қолданыста Қаулы ·№ 814 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2012 года № 148 «Об утверждении Правил въезда и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан и Правил осуществления миграционного контроля, а также учета иностранцев и лиц без гражданства, незаконно пересекающих Государственную границу Республики Казахстан, незаконно пребывающих на территории Республики Казахстан, а также лиц, которым запрещен въезд на тер
Атауы (қаз.)
«Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 ж
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
814
Қабылданған күні
06.12.2017
Көрсетілген редакция
06.12.2017 116432_261860.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1700000814
ЭКБ идентификаторы
116432
Редакция идентификаторы
116432_261860
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:58

0

«Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында:

6-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында рұқсат етілген болу мерзімі виза мерзімі немесе көші-қон карточкасында немесе көшіп келушіні уақытша тіркеу туралы анықтамада немесе паспортқа көшіп келушіні тіркеу туралы жапсырма қағазда көрсетілген тіркеу мерзімі өткен соң аяқталады.
Тіркеу мерзімін ұзарту ішкі істер органдары көші-қон карточкасына қоятын тиісті белгімен немесе көшіп келушіні уақытша тіркеу туралы анықтамамен немесе паспортқа көшіп келушіні тіркеу туралы жапсырма қағазбен ресімделеді.»;
10-тармақтың он үшінші бөлігінің төртінші абзацы «16 жасқа толмаған;» деп жазылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«әуе, теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелері болып табылатын көшіп келушілер босатылады.»;
26-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«26-1. Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай Халық Республикасының (бұдан әрі – ҚХР) азаматтары үшін 2018 жылғы 31 желтоқсандағы сағат 23.59 дейін Қазақстан Республикасына кірудің, онда болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимі қолданылады.»;

2

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларында:
4-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Тіркеуді ресімдеу Қазақстан Республикасының визасымен немесе көшіп келушіні уақытша тіркеу туралы анықтамамен немесе паспортқа көшіп келушіні тіркеу туралы жапсырма қағазбен немесе көші-қон карточкасына белгі қоюмен расталады, оны:»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының визасымен кіретін шетелдіктер Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде шақырушы тараптың шақыруды ресімдеу кезінде көрсеткен мекенжайы бойынша тіркеледі.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармағының 1) тармақшасының сегізінші абзацын қоспағанда, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы