Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2012 года № 148 «Об утверждении Правил въезда и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан и Правил осуществления миграционного контроля, а также учета иностранцев и лиц без гражданства, незаконно пересекающих Государственную границу Республики Казахстан, незаконно пребывающих на территории Республики Казахстан, а также лиц, которым запрещен въезд на территорию Респу

Қаулы · № 1146 · қабылданған 31.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2012-no-148-ekb-177676/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2012 года № 148 «Об утверждении Правил въезда и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан и Правил осуществления миграционного контроля, а также учета иностранцев и лиц без гражданства, незаконно пересекающих Государственную границу Республики Казахстан, незаконно пребывающих на территории Республики Казахстан, а также лиц, которым запрещен въезд на территорию Респу Қолданыста Қаулы ·№ 1146 ·31.12.2022
31.12.2022 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2012 года № 148 «Об утверждении Правил въезда и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан и Правил осуществления миграционного контроля, а также учета иностранцев и лиц без гражданства, незаконно пересекающих Государственную границу Республики Казахстан, незаконно пребывающих на территории Республики Казахстан, а также лиц, которым запрещен въезд на территорию Респу

Қолданыста Қаулы ·№ 1146 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2012 года № 148 «Об утверждении Правил въезда и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан и Правил осуществления миграционного контроля, а также учета иностранцев и лиц без гражданства, незаконно пересекающих Государственную границу Республики Казахстан, незаконно пребывающих на территории Республики Казахстан, а также лиц, которым запрещен въезд на территорию Респу
Атауы (қаз.)
«Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 ж
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1146
Қабылданған күні
31.12.2022
Көрсетілген редакция
31.12.2022 177676_616088.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200001146
ЭКБ идентификаторы
177676
Редакция идентификаторы
177676_616088
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:47

0

«Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
21 қаңтардағы № 148 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болуының рұқсат етілген мерзімі:
егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен жасаған келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе, Қазақстан Республикасына виза алуды талап етпейтін тәртіппен келген көшіп келушілер үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн, күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік тоқсан күн өткен соң;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерінің азаматтары үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн, күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік тоқсан күн өткен соң;
Қазақстан Республикасына кіруге арналған визаның негізінде келген көшіп келушілер үшін визаның мерзімі өткен соң;
болудың өзге мерзімдерін айқындайтын, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар бар мемлекеттердің азаматтары үшін осы шарттарда көрсетілген мерзімдер өткен соң;
уақытша тұруға рұқсат ресімдеген көшіп келушілер үшін осы рұқсаттың қолданылу мерзімі өткен соң;
бұған дейін Қазақстан Республикасында болу мерзімін бұзуға жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған көшіп келушілер үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарылғаннан кейін күнтізбелік он бес күн өткен соң;
қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталған көшіп келушілер үшін сот шешімінің негізінде олар елден шығарып жіберілген жағдайларды қоспағанда, жазасын өтегеннен немесе жазадан босатылғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұрған және шет елге тұрақты тұруға Қазақстан Республикасынан шығуға құжаттар ресімдеген көшіп келушілер үшін құжаттар ресімделгеннен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң;
өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс деп танылатын іс-әрекеттер жасалғаны туралы қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген тәртіппен хабарлаған көшіп келушілер үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес арыз қаралғаннан кейін күнтізбелік отыз өткен соң;
Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға шартты түрде сотталған, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған көшіп келушілер үшін тағайындалған жазаның мерзімі не жазаның өтелмеген бөлігі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он бес күн өткеннен соң аяқталады;
қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген тәртіппен осындай қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер немесе куәгерлер деп танылған көшіп келушілер үшін болу мерзімі қылмыстық істі тергеу үшін қажетті, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын кезеңге ұзартылады;
айрықша жағдайларда (әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде және дүлей апаттың немесе ірі ауқымды аварияның (апаттың) нақты қауіп төндіруіне байланысты төтенше жағдай енгізілген, сондай-ақ көліктің жұмыс кестесі бұзылған кезде) болу мерзімі шығуды ұйымдастыру үшін қажетті, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.
Осы тармақтың 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13-абзацтарында көрсетілген көшіп келушілерге ішкі істер органдары осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес хабарлама береді, көшіп келуші ол өткенге дейін Қазақстан Республикасынан шығады.
Осы тармақтың 2, 3, 5-абзацтарында көрсетілген көшіп келушілерге Қазақстан Республикасына кірген кезде оларға рұқсат етілген болу мерзімін есептеу нақты кірген күннен бастап күнтізбелік жүз сексен күнді кері санап шығару жолымен жүзеге асырылады.
Егер көшіп келуші келген кезде оған рұқсат етілген болу мерзімі асып кеткені анықталса, «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1) тармақшасының негізінде кіргізуден бас тарту туралы шешім қабылданады.
Осы тармақтың 2, 3, 5-абзацында көрсетілген көшіп келушілер Қазақстан Республикасының аумағында болған кезде рұқсат етілген болу мерзімін есептеу бақылау күнінен бастап күнтізбелік жүз сексен күнді кері шегеру жолымен жүзеге асырылады (көшіп келушінің Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын айқындау қажет болатын күн).
Осы тармақтың 2, 3, 5-абзацтарында көрсетілген көшіп келушілерге Қазақстан Республикасынан шығу кезінде оларға рұқсат етілген болу мерзімін есептеу, нақты кететін күнінен бастап күнтізбелік жүз сексен күнді кері шегеру жолымен жүзеге асырылады.
Болу мерзімін есептеудің осындай тәртібі осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген көшіп келушілер үшін қолданылады.
Осы тармақтың 2, 3, 5-абзацтарында көзделген талаптар белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат алған көшіп келушілерге қолданылмайды.
Қазақстан Республикасынан жалға алынған аумақтарда тұратын немесе жұмыс істейтін көшіп келушілерді есепке алу жалға алынған аумақтан тыс жерлерге шыққан кезде жеке басты және жалға алынған аумақта тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін куәландыратын құжаттардың негізінде көші-қон қызметінің ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – КҚП АЖ) жүргізіледі. Бұл ретте жалға алынған аумақтан тыс жерлерге шыққан күні Қазақстан Республикасына кірген күні болып табылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларында:
8-1-тармақ алып тасталсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы