О внесении изменения в постановление акимата Акжарского района от 21 августа 2012 года № 276 "Об утверждении регламентов электронных государственных услуг"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Акжарского района от 21 августа 2012 года № 276 "Об утверждении регламентов электронных государственных услуг"
- Атауы (қаз.)
- Ақжар ауданы әкiмдiгiнің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 276 "Электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 391
- Қабылданған күні
- 05.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 24.05.2013 AI71461_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.05.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12SD002204
- ЭКБ идентификаторы
- 71461
- Редакция идентификаторы
- AI71461_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:39
0 Ақжар ауданы әкiмдiгiнің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 276 "Электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағының 17-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 8-бабының 3-тармағына, 9-1-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. «Электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақжар ауданының әкiмдiгiнің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 276 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде 2012 жылғы 14 қыркүйекте № 1867 тіркелген, 2012 жылғы 1 желтоқсандағы «Ақжар-хабар» № 48 және «Дала Дидары» № 48 газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» 1-тармағының 1) тармақшасы шығарылсын. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламентінің күші жойылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі
А. Жұмағалиев