О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 21 августа 2012 года № 369 «Об утверждении Правил подготовки ежегодного Национального доклада по науке»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 21 августа 2012 года № 369 «Об утверждении Правил подготовки ежегодного Национального доклада по науке»
- Атауы (қаз.)
- «Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 369 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 720
- Қабылданған күні
- 20.07.2018
- Көрсетілген редакция
- 26.08.2024 123654_719964.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1800000720
- ЭКБ идентификаторы
- 123654
- Редакция идентификаторы
- 123654_719964
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:40
0 «Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 369 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. «Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 369 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 952-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау кағидалары әлемдік және ұлттық ғылымның жай-күйі мен даму үрдістерін талдауды, Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуетін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, ғылым дамуының басым бағыттарының негіздемесін және оны танымал етуді қамтитын Ғылым жөніндегі ұлттық баяндаманы (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) дайындау және басып шығару мақсатында әзірленді.»;
5, 6, 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ұлттық баяндама жыл сайын 10 тамыздан кешіктірілмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қарауына енгізіледі.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның ұсынымы негізінде 10 қазаннан кешіктірмей Ұлттық баяндаманы Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді.
7. Ұлттық баяндаманы мемлекеттік тілде және орыс тілінде басып шығару оны Қазақстан Республикасының Президенті мақұлдағаннан кейін жүзеге асырылады. Ұлттық баяндаманың ағылшын тіліндегі электрондық нұсқасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің интернет-ресурсында орналастырылады.».