О внесении изменений в решение районного маслихата от 21 декабря 2012 года № 48 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Байганинском районе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 21 декабря 2012 года № 48 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Байганинском районе"
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 48 "Байғанин ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 96
- Қабылданған күні
- 13.11.2013
- Көрсетілген редакция
- 15.03.2017 75618_171938.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13CD003693
- ЭКБ идентификаторы
- 75618
- Редакция идентификаторы
- 75618_171938
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:53
0 Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 48 "Байғанин ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесін бекiту туралы Қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қаулысына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 48 «Байғанин ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге алу тізбесінде 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 3491 болып тіркелген, аудандық «Жем-Сағыз» газетінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 4 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Байғанин ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесіндегі:
1 тармақтың 1 тармақшасындағы 5 азат жолы;
2 тармақтағы 2 азат жолы бөлігіндегі «, тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнының шығыстары» деген сөздер;
2 тармақтағы 3 азат жолы бөлігіндегі «, тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есептейтін және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептегіштің құнына» деген сөздер;
3 тармақтағы «, тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнына шығындарының орнын толтыру үшін,» деген сөздер;
4 тармақтағы «, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі 2012 жылғы 1 шілдеден бастап 2014 жылғы 1 шілдеге дейін» деген сөздер;
10 тармақтағы «, тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнына шығындарына және» деген сөздер;
14 тармақтағы «, тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есептейтін және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептегіштің құны» деген сөздер;
19 тармақтағы «және тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есептейтін және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептегіштің құнының» деген сөздер 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап алынып тасталсын.