О внесении дополнений в решение маслихата от 21 декабря 2012 года № 54 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение маслихата от 21 декабря 2012 года № 54 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан"
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 54 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 78
- Қабылданған күні
- 10.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 06.12.2013 72155_215755.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13NQ004104
- ЭКБ идентификаторы
- 72155
- Редакция идентификаторы
- 72155_215755
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:19
0 Мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 54 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Мәслихаттың "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 54 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3985 тіркелген, 2013 жылғы 24 қаңтарда "Сарыкөл" газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне орай, бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";
көрсетілген шешімнің "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі" атты қосымшасында 2-тармағы келесі мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға:
алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат.".
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________ С. Молдабеков