О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2012 года № 651 "Об утверждении Правил разработки, согласования, принятия, учета, изменения и отмены военных стандартов на товары (продукцию), работы и услуги военного и двойного назначения, используемых для нужд Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2012 года № 651 "Об утверждении Правил разработки, согласования, принятия, учета, изменения и отмены военных стандартов на товары (продукцию), работы и услуги военного и двойного назначения, используемых для нужд Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 651 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 51
- Қабылданған күні
- 04.02.2014
- Көрсетілген редакция
- 16.11.2018 77292_371322.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400000051
- ЭКБ идентификаторы
- 77292
- Редакция идентификаторы
- 77292_371322
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:59
0
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 651 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 51, 695-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою қағидаларында:
7-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) әскери мақсаттағы объект (әскери стандарттау объектісі) – әскери және қосарланған мақсаттағы тауарлар (өнім), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мемлекеттік органдардың мүддесіне әзірленетін әскери стандарттар республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Әскери стандарттардың жобаларын өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми және (немесе) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, құпия жұмыстарды жүргізуге рұқсаты және (немесе) қару-жарақ, әскери техника мен қарудың жекелеген түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолданылатын бұйымдар айналымы саласында лицензиясы бар ұйымдар әзірлейді.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Әзірлеуші ұйым әскери стандарттау объектісіне байланысты әскери стандарттың жобасын олардың құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен, ведомстволармен, мекемелермен және заңды тұлғалармен келіседі.».