Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Абайского районного маслихата от 21 ноября 2012 года № 8-7 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»

Ереже · № 3/7-VI · қабылданған 17.06.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2012-no-8-7-ekb-104571/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Абайского районного маслихата от 21 ноября 2012 года № 8-7 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи» Күшін жойған Ереже ·№ 3/7-VI ·17.06.2016
26.06.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Абайского районного маслихата от 21 ноября 2012 года № 8-7 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»

Күшін жойған Ереже ·№ 3/7-VI · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Абайского районного маслихата от 21 ноября 2012 года № 8-7 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
«Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы № 8-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3/7-VI
Қабылданған күні
17.06.2016
Көрсетілген редакция
26.06.2017 104571_365996.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16VE004586
ЭКБ идентификаторы
104571
Редакция идентификаторы
104571_365996
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:43

0 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен

тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы»
Абай аудандық мәслихатының
2012 жылғы 21 қарашадағы № 8-7
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1- тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы», 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулыларына, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы № 8-7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2779 тіркелген, 2012 жылғы 23-31 желтоқсандағы № 48 «Абай елі» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1- тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы», 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулыларына, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
аталған шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасында:
1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі-Қағида) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулыларына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.»;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат, не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) тоқсан сайын, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталына өтініш береді және Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының 9 тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы