О внесении изменение в решение районного маслихата от 21 декабря 2012 года № 82 "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, работающим в сельских населенных пунктах"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменение в решение районного маслихата от 21 декабря 2012 года № 82 "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, работающим в сельских населенных пунктах"
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 82 "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес пайызға жоғары айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 196
- Қабылданған күні
- 05.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 29.08.2016 82716_154921.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14CL003995
- ЭКБ идентификаторы
- 82716
- Редакция идентификаторы
- 82716_154921
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:54
0
Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 82 "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес пайызға жоғары айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 4 тармағына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 82 «Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес пайызға жоғары айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3488 санымен тіркелген, аудандық «Хромтау» газетінің 2013 жылдың 24 қаңтарындағы № 8 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылары мен тарифтiк ставкалары белгiленсін.».