О внесении изменении в решение внеочередной Х сессии районного маслихата от 21 ноября 2012 года № 86 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменении в решение внеочередной Х сессии районного маслихата от 21 ноября 2012 года № 86 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 қарашадағы кезектен тыс Х сессиясының № 86 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 267
- Қабылданған күні
- 26.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2015 AI85830_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14LH004845
- ЭКБ идентификаторы
- 85830
- Редакция идентификаторы
- AI85830_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:16
0 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 қарашадағы кезектен тыс Х сессиясының № 86 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабыбының 2-тармағына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 қарашадағы кезектен тыс Х сессиясының № 86 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 13 желтоқсанда № 4367 болып тіркелген, "Тіршілік тынысы" газетінде 2012 жылы 27 желтоқсанда № 106 санында жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Осы шешімнің 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
6 "6. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормаларына сәйкес жүргізіледі:
1) электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:
1 адамға – 70 киловатт;
2 адамға – 140 киловатт;
3 және одан да көп адамға –210 киловатт;
2) газ пайдалану нормалары 1 айға:
4 адамға дейін – 10 килограмм;
4 және одан да көп адамға –20 килограмм;
3) отын пайдалану от жағу маусымына:
3 адамға дейін айына - 0,5 тонна;
3 және одан көп адамға айына - 1 тонна;
4) тұрғын үйді күтіп ұстау ай сайын:
1 адамға – 18 шаршы метр;
жалғыз тұратын адамдар үшін – 31 шаршы метр;
5) жылумен жабдықтау ай сайын:
1 адамға – 18 шаршы метр;
жалғыз тұратын адамдар үшін – 31 шаршы метр;
6) коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады."
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті
ХХХVІІ сессиясының төрағасы
О. Сейтмұратов
Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Б. Маншарипов