О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2013 года № 16 «Об утверждении Правил передачи, реализации, утилизации и списания имущества, а также предоставления в имущественный наем (аренду) недвижимого имущества специальных государственных органов Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2013 года № 16 «Об утверждении Правил передачи, реализации, утилизации и списания имущества, а также предоставления в имущественный наем (аренду) недвижимого имущества специальных государственных органов Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 16 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 467
- Қабылданған күні
- 23.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 23.07.2020 145037_473078.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000467
- ЭКБ идентификаторы
- 145037
- Редакция идентификаторы
- 145037_473078
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:26
0 «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының
мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы
21 қаңтардағы № 16 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 16 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларында:
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«61. Арнаулы мемлекеттік органдардың жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 17 наурызда № 10467 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 сәуірде жарияланған) белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.».