Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Тюлькубасского районного маслихата от 21 августа 2013 года № 18/2-05 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Ереже · № 33/9-05 · қабылданған 30.09.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2013-no-182-05/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Тюлькубасского районного маслихата от 21 августа 2013 года № 18/2-05 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Күшін жойған Ереже ·№ 33/9-05 ·30.09.2014
28.09.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Тюлькубасского районного маслихата от 21 августа 2013 года № 18/2-05 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Күшін жойған Ереже ·№ 33/9-05 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Тюлькубасского районного маслихата от 21 августа 2013 года № 18/2-05 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"
Атауы (қаз.)
Түлкібас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 18/2-05 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
33/9-05
Қабылданған күні
30.09.2014
Қолданысқа енгізілген күні
11.11.2014
Көрсетілген редакция
28.09.2016 83952_114643.kaz
Соңғы өзгеріс
28.09.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14UN002848
ЭКБ идентификаторы
83952
Редакция идентификаторы
83952_114643
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:25

0 Түлкібас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 18/2-05

"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын
бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Түлкібас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 18/2-05 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2377 нөмірмен тіркелген, 2013 жылғы 20 қыркүйекте «Шамшырақ» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
7 тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«2) 9 мамыр «Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне» орай-Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін.
Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген және тыл еңбеккерлеріне, бір жолғы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін».
7 тармақ 5) және 6) тармақшаларымен толықтырылсын:
«5) 15 ақпан «Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні» мерекесіне-бұрынғы кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі-КСРО) үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан – Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер, бір жолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
6) 26 сәуірге «Чернобыль атом электрстанциясы апатының құрбандарын еске алу күні» - 1986-1987 жылдары Чернобыль Атом Электро Станциясіндегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға, біржолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін.».
9 тармақтың 3) және 4) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
«3) туберкулез ауруларының жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға және созылмалы бүйрек жетімсіздігі ауруына шалдыққан азаматтарға, біржолғы 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
4) Адамның Имун Тапшылығының Вирусы (бұдан әрі-АИТВ) жұқтыру немесе Жұқтырылған Имун Тапшылығының Синдром (бұдан әрі-ЖИТС) ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінан болған олардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге өтемақы, ай сайын 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі-АЕК) мөлшеріне дейін.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы